Жуырда С. Торайғыров атындағы ПМУ-да кезекті ашық есік күні өтті. Өздерінің Alma Mater-імен танысу мақсатында Павлодар облысының ауыл мектептерінің оқушылары ПМУ есегін ашты. Ізгі дәстүрге сай болашақ студентер ПМУ-дың мұражай кешені бойынша кешенді экскурсия жасады. Олар жоғары оқу орнының факультеттері мен онда оқытылатын мамандықтармен танысты.

Алайда, бұл жолы да алдағы кездесулердегідей қонақтардың білімге құштарлығы үшін бонустар сыйға берілді. Болашақ талапкерлер лотореялық ұтыс ойынына қатысты. Бұл жолы университет ұтыс жеңімпазына ұялы телефон табыс етуді ұйғарды.

Сыйлық Ертіс ауданыннан келген орта мектеп оқушысы Гүлдана Дүйсетоваға бұйырды. ПМУ бәске тіккен ұялы телефон ол үшін тосынсый болды. Айман болашақ мамандығын қазақ тілі мен әдебиеті пәнімен байланыстырып, ПМУ студенті атануды мақсат етіп жүр екен.