С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «М.Ж. Көпеев: таным мен тұлға» атты республикалық онлайн-конференциясы өтті.

Бұл шара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен ұлы ойшылдың ұрпағы тамыр жайған Павлодар облысы  ғалымдарының басын қосты.  

Онлайн кездесуде қатысушылар М. Көпеев шығармашылығының зерттеу мәселелерін қозғап, талқыға салды. Белгілі филолог пен лингвист ғалымдар Мәшһүр Жүсіптің еңбектерін зерттеу барысында  жүйелі ғылыми әдістерге сүйену қажеттігін айтып, өзге тілдерге аудару кезіндегі мағыналардың бұрыстығы мәселелерін саралады. 

М. Көпеев шығармашылығының өзектілігі соңғы жылдары артып келеді. Оның діни-адамгершілік және сөз шеберлігі турасында қалдырған терең мағыналы еңбектері бүгінде көпке мәлім. 

Қазақтың ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақ халқының болмысы мен бай мәдени мұрасы туралы теңдесіз еңбектер қалдырды. Оның шығармашылығын кейінгі ұрпаққа аманат ету мұратында Б.Мейірбаевтың,  С. Нұрмұратовтың, Ж. Артықбаевтың зерттеулерінің маңыздылығын атап өтуге болады.