С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп атады.

Мемлекет басшысы жыл сайын жария ететін дәстүрлі Жолдауын С.Торайғыров атындағы ПМУ оқытушылары мен қызметкерлері асыға күтті. Олар Мемлекет басшысының Жолдауынан халықтың көкейінде жүрген мәселелер мен сауалдарға жауап алды. Міндеттер нақтыланды, алдағы уақытқа бағыт та айқындала түсті.

Бүгінгі тыңдаудан кейін айтулы құжат университет оқытушылары мен студенттердің жүрегіне жол тауып, Жолдаудың жүзеге асырылатынына өз үлестерін қосып Елбасын қолдауға мүделлі екенін жеткізді.

С. Торайғыров атындағы ПМУ стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, с.ғ.д., профессор Арман Ақышевтың айтуынша, Жолдаудан жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы алдағы уақытқа бағытталған мақсат-мұраттарға көзін тігіп, өз қызметтерін саралап алды.

– Биылғы Жолдау әлемдік дағдарыс жағдайында елдің қолданатын іс-әрекетіне арналды. Сондықтан бұл қиындықтардан шығудың нақты 5 қадамын Елбасы жүйелеп, халыққа дөп жеткізді. Ал осы жағдайда білім беру саласының мамандары ең алдымен адам каптиалына қаражат салуды, және сол еңбектен сапалы нәтиже көруді мақсат етуіміз қажет. Осылайша біз Қазақстанның, өңіріміздің болашағын жарқын ете аламыз, – деді Арман Айтмұхаметұлы.