С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Әлеуметтік қызметкер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Бұл мерекенің өтуіне ұйытқы болған – С. Торайғыров атындағы ПМУ психология және педагогика кафедрасы.  

Барлық жан жылулары мен бойындағы жігерлерін қарт адамдар, мүгедектер, аз қамтамасыз етілген  және көп балалы отбасылармен бөлісіп жүрген әлеуметтік қызметкерлерді даярлайтын профессорлық-оқытушылар құрамы  мен болашақ әлеуметтік мамандарды С. Торайғыров атындағы ПМУ гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы Әмірғали Бегімтаев құттықтады. Ол өз сөзінде: 

– Павлодар мемлекеттік университеті қабырғасында әлеуметтік қызметкерді даярлау ісі білікті де білгір ұстаздардың қолында. Бүгінде барлық істің тетігі білікті кадрлардың арқасы екенін білеміз. Сондықтан әлеуметтік саланың білгір де білікті мамандарын дайындауда «Психология және педагогика» кафедрасының еңбектері өлшеусіз екенін білеміз. 

 «Психология және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Елена Бурдинана өз сөзінде әлеуметтік сала маманының маңыздылығына тоқталды. 

– Әр қоғамда қиындыққа тап болған жандар болады. Әлеуметтік қызметкер сол жандарға қолдау танытып, мемлекеттің толыққанды азаматы болуы үшін барынша көмек көрсетіп, жол сілтейді. Сондықтан, бұл кәсіп иелерін ең қайырымды мамандық өкілдері деп айтсақ болады, – деді Елена Ивановна.

Бұдан өзге, болашақ әлеуметтік қызметкерлер өз кәсіптеріне деген адалдық пен құрметтің белгісі ретінде көпшілікке өз кәсібін таныстырды. Сутденттер «Әлеуметтік қызметкер деген кім?» деген сауал бойынша қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, қорытындысын жария етті. Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы Әмірғали Ильяшұлы әлеуметтік қызметкерлерді дайындауға белсенді атсалысып жүрген оқытушыларға ризашылығын білдіріп, үздік қызметкерлерге: психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы  Ирина Коровайкоға, аға оқытушы, Анария Шаймерденоваға, оқытушы Нейля Пиоваеваға алғыс хаттар табыс етті. Сонымен бірге, үздік студенттерге мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Мұнымен қоса, концертте студенттер мен магистранттар  жиылғандарды тамаша өнерлерімен тәнтті етті. Мереке би, ән және әлеуметтік қызметкердің дресс-кодын жариялаумен жалғасын тапты.