С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен білім алушылары онлайн-режимде өткен «Экология. Спорт. Денсаулық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Шараның өткізілу мақсаты: студенттік жастар арасында салауатты өмір салты мәдениетін үгіттеу, зиян әдеттерден бас тарту және денсаулығына жауапкешлікпен қарау сынды дағдыларды насихаттау және қалыптастыру.
Халықаралық онлайн-конференцияға Забайкал мемлекеттік университетінің (Ресей, Чита қаласы), Донбасс мемлекеттік университеті (Украина, Славянск қаласы), Полес мемлекеттік университеті (Беларус, Пинск қаласы) және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференция жұмысына С. Торайғыров атындағы ПМУ «География және туризм» кафедрасының оқытушылары: г.ғ.к., профессор Антонина Царегородцева, г-м.ғ.к., доцент Ғалымбек Ажаев, аға оқытушы Гүлмаржан Қасенова және де магистранттар мен студенттер қатысып, өңіріміздегі туризм дамуының мәселелерін талқылады. Ал магистрант Әсем Қабдуллина Павлодар облысының экологиялық мәселелер төңірегінде ой қозғап, шешу жолдарына тоқталды.
С. Торайғыров атындағы ПМУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Ақмарал Қайырбаеваның айтуынша, Қазақстан – 2030 даму Стратегиясындағы басты да маңызды бағыттардың бірі – халықтың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. «Кез келген мемлекеттің болашағы жастармен байланысты. Білімі мен денсаулығы мол, жан-жақты дамыған азаматтардан тұратын қоғам ғана заманауи әлемнің қатал жағдайында табысқа жете алады», – деді Ақмарал Қанатбекқызы.
Кездесу соңында конференцияның модераторы Гүлмаржан Қасенова университеттің Забайкал мемлекеттік университетімен көпжылдық халықаралық байланысына жоғары баға берді. «С. Торайғыров атындағы ПМУ халықаралық жоғары мектептермен бірігіп, осындай конференциялар шеңберінде бәрімізге ортақ экологиялық мәселелерді шешуге атсалып жатқанымыздың табысты болатынына сенемін. Өйткені, туризм мен адамзат денсаулығын дамытуды арқау еткен осы сынды халықаралық алаңда бүгінгі күні барша жаһан алдында тұрған өзекті экологиялық мәселелерді халықаралық деңгейде шешу өте маңызды», – деді Гүлмаржан Қарибайқызы.
Үшжақты диалогтан кейін қатысушылар тарапынан «салауатты өмір салты» республикалық кешенді бағдарламасына қатысқысы келетін өңірлер, ғылыми және оқу мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың санын арттыру қажеттігі туралы шешім қабылданды.