С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік командасы Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының VІІІ жазғы универсиадасы аясында өткен шахмат ойынынан екінші орын алды.

Республикамыз бойынша шахмат ойнайтын ең мықты ойыншыларды анықтау үшін өткен турнир Қазақстанның жер-жерінен көптеген студенттерді біріктірді.

Жазғы универсиада ойындары спорттың 32 түрі бойынша өтті: баскетбол, жағажай волейболы, жеңіл атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, тоғыз құмалақ, жүзу, бокс, қазақша күрес, бадминтон, таэквондо, футбол, шахмат, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, карате-до, семсерлесу, волейбол, гандбол, садақ ату, спорттық бейімделу, бильярд, регби, самбо, кикбоксинг, жағажай футболы, теннис, оқ ату, ауыр атлетика және қоян-қолтық ұрыс.

Нәтижелі әрі жарқын ойын көрсеткен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері екінші орыннан көрінді.

Студенттік команданың құрамында алты ойыншы өнер көрсетті: Назар Оспанов, Дәулет Кудерин, Нұрлан Ғазиев, Амангелді Жарылғазинов, Гүлжан Ишимова, Ботагөз Қамидолла. Бес күндік жарыс барысында олар өзара командалық және жеке құрамда кімнің мықты екенін анықтады. Өткен ойындардың нәтижесі бойынша Универсиада жүлдегерлері кубок пен медаль, сонымен қатар дипломдармен марапатталды.

Студенттік команданың жаттықтырушысы Владимир Тейхрибтің айтуынша, жыл сайын жастар арасында шахмат ойынына деген қызығушылық артып келеді. «Биылғы Универсиада студенттердің дайындық деңгейімен және тартысты өтуімен ерекшеленеді. Жарыс өте тартысты өтіп, әрі соңғы сәттерге дейін бәсекелестік болды. Әр ұпай үшін әрбір спортшы барын салуға тырысты», – дейді Владимир Егорович.