С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне норвегиялық тарихшы Стурлы Эллингвог және ДНҚ-ны зерттеуші дат ғалымы Петер Дамгордтың жетекшілігімен халықаралық зерттеу командасы келді.

Эллингвогтың командасы Қарағанды мемлекеттік университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкерлерімен және белгілі норвегиялық археолог әрі зерттеушісі Тура Хейердалдың қызы Беттина Хейердалмен де тығыз байланыста жұмыс істейді.

Эллингвог жетекшілік еткен құрамында археолог, лингвист және генетикері бар мультидисциплинарлы команда үндіеуропалықтардың атажұрттары бір болды деген теорияны растайтын қосымша дәлелдер іздеуде. Қазіргі уақытта ғалымдар еуропалықтардың туыстығы жайындағы теорияны қолдау мақсатында Павлодарда мекен еткен Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындарының ДНҚ үлгілерін жинап жатыр. 1956 жылы литва-американдық зерттеуші Мария Гимбутас айтқан қорған болжамына сәйкес, еуропалықтардың атажұрты понтиак далаларында орналасқан болса керек. Оның аумағы Шығыс Украина мен Ресейдің оңтүстігінен бастап, Қазақстанның солтүстік-батысына дейін созылып жатыр. Сондықтан Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындарының ДНҚ-сын зерттеудің маңызы зор.

«Қорған болжамы генетикалық дәлелдермен расталады. Соңғы 15 жылда Y-ДНК R1a гаплогруппасы үндіеуропалықтардың генетикалық белгісі болып сипатталып келді. Бұл теория филогеографиялық құрылысын анықтау арқасында енді шындыққа айналған іспетті. «Бұдан басқа Y-ДНҚ R1a гаплогруппасы ежелгі үндіеуропалықтарға жататын ежелгі қорымдардан табылды», - дейді Стурла Эллингвог.

Петер Дамгордтың айтуынша, соңғы 2-3 жылда ДНҚ технологиясы адамдардың көшіп-қону тарихын зерттеулер саласында тіптен дамып кетті. Копенгагендегі «Геогенетика орталығы» ДНҚ зертханасы, әлемдегі заманауи зертханалардың бірі, осы зерттеу жобасына қатысу арқылы үндіеуропалықтардың атажұрты қайда деген сұрақтың жауабына жақындай түстік.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне келген шетелдік қонақтарға неолит дәуірінен бастап ерте темір дәуірі аралығын қамтитын бірнеше мың жылдық хронологияны ұсынылды. Сонымен қатар ғалымдар Ә.Х. Марғұлан атындағы Біріккен археологиялық ғылыми-зерттеу орталығында болды. Орталық жетекшісі В.К.Мерц далалық археологиялық зерттеулердің нәтижелерін көрсетіп,үндіеуропалықтардың шығу тарихы жайлы ой бөлісті. Бірлесіп атқарған жұмыстар барысында 60 үлгі таңдалып алынды, соның нәтижесінде мәдени-тарихи мәселелердің көбісі ашылып, алдағы іздестіру жұмыстардың бағыты айқындалмақ.

Руфина Торпищеваның фотосы