Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенттеріне арнайы Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы жайлы бірыңғай сабақ өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырған С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің Жур-202 тобының студенті, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаты төрағасының орынбасары Рамиль Смаилов.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ҚХА кафедра меңгерушісі т.ғ.к.,доцент Гүлфайрус Жапекова былтырғы жылы біздің университетімізде Қазақстан халқы ассамблеясының кафедрасы ашылғанын айтып өтті: «Біздің кафедра ғылыми-сараптамалық кеңестер өтетін, мәдени байланыстарды зерттеп сараптама өткізетін, сонымен қатар этносаралық ынтымақтастықты біріктіретін диалогтық алаңға айналды».

«Айреник» Павлодар облысының армян бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Эльмира Петросян Қазақстан халқы ассамблеясы тарихы жайлы деректі фильм ұсынып, этномәдени бірлестің жұмысы туралы баян етті, сонымен қатар армян тілінде ән шырқады.

Қанат Даржуман атындағы Ұлттық жандану мектебінің татар бөлімінің оқытушысы Роза Серасшетдинова Мектептің жұмысы және татар тілі мен әдебиетін оқыту бойынша білім жобасының іске асырылуы жайында айтып берді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кітапханашысы Елена Лиханова кітапхананың оқу залында Қазақстан халқы туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Руфина Торпищеваның фотосы