2013 жылдың 12 ақпанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағанов академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Чех техникалық университетінде (Прага қ.) білім алған факультет студенттерімен кездесті.

Кездесуді ашқан Төлеуғазы Тоқтағанов 2013 жылдың ақпан айының басында факультет студенттері Бақтыгүл Қасымова, Әлия Қалиева, Ерден Боранбаев, Айдана Қизатова, Бағлан Қайырбаева Чехияға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барып келгенін мәлімдеді.

Чех техникалық университеті – Орталық Еуропадағы ең көне жоғары оқы орындарының бірі. Университеттің 8 факультеті мен 11 институттарында 23 мың студенттер оқиды.

ПМУ студенттері Чех университетінің материалдық-техникалық базасы мен оқытушыларының ынтымақтастық қарым-қатынасына ризашылығын білдірді.

Чех университеті әлемдік ірі компанияларымен көп жылдан бері бірге қызмет істеп келеді. Солардың бірі «Шкода-Прага» атты ірі Чех машина жасау зауыты. ПМУ студенттеріне зауыт бойынша экскурсия ұйымдастырылып, зауыт тарихы туралы бір шама құнды мәліметтер берілді.

Сонымен қатар, аталмыш кездесу барысында Төлеуғазы Төкілұлы ішкі академиялық ұтқырлық бойынша ПМУ-да оқып жүрген Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері Асхат Сейтан, Зарина Сыздықова, Мәдина Серғазинаны таныстырды. Ел арасындағы оқу ордаларымен студенттік алмасулар мен шетелдік халықаралық білім ордаларынада білімін жетілдіруге академиялық ұтқырлық бағдарламасы мүмкіндік беретінін жеткізді.