Торайғыров университетіне «Бір толқында» жобасы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұржан Әшімбетов пен Жарқынбек Амантайұлы арнайы келіп, Павлодар облысының белсенді жастарымен ашық кездесу өткізді. Іс-шараға сондай-ақ «Amanat» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Асылбек Туғанбайұлы мен «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары Ержан Хамитов қатысты.

 

 

Қонақтарды университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Нұрлан Медетов қарсы алып, оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу және ІТ бағытындағы жетістіктерімен таныстырды. Сонымен қатар жастар ұйымдарының жұмысы мен студенттердің бастамалары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында университеттің қоғаммен байланысы, жастарды қолдау бағытындағы жобалар және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған жасанды интеллект пен цифрландыру бастамалары сөз болды. Айта кетейік, студенттер бүгінде Ai-Sana бағдарламасы аясында заманауи технологияларды меңгеруде.

 

 

Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары жастармен пікір алмасып, ел болашағындағы жас буынның рөлі, сапалы білім, кәсіби даму және қоғамға адал қызмет етудің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

 

 

Кездесу еркін форматта өтіп, жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық диалог алаңына қатысты. Сонымен қатар партия қатарына жаңадан қабылданған жастарға партиялық билеттер табысталды.

 

 

Іс-шара TEDx форматындағы мотивациялық кездесумен жалғасты. Спикерлер қатарында облыстық мәслихат депутаты Айдар Курумбаев, Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Ризат Рахимжанов, Таеквон-до GTF федерациясының Павлодар облысы бойынша вице-президенті Артем Граблев және «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары Ержан Хамитов болды.

 

 

Кеш соңында жастар саясаты бағытында белсенді еңбек етіп жүрген декан орынбасарлары Алғыс хаттармен марапатталды.