Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бастамасымен
Торайғыров университетінде қоғамдық келісім мен рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Конституция: құндылықтар және қоғам» атты аймақтық ағартушылық жобасының ашылу іс-шара өтті. Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылар, жастар және қоғам белсенділері қатысты.
Іс-шараның алғашқы бөлігінде сөз Жастар саясаты және әкімшілік қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі - проректор Индира Әділханқызы Оралкановаға және Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Әлнұр Серікұлы Сейдуманов мырзаға берілді.
Жиынның екінші бөлімі — «Ағартушылық лекторий» аясында мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Е. Бекмаханов атындағы ғылыми-практикалық орталықтың директоры Амантай Жетпісұлы Құдабаев өз сөзінде ұлттық сананың ел болып қалыптасуындағы рөліне тоқталып, туған өлкенің тарихын зерттеу мен жастардың тарихи санасын қалыптастырудың маңызы туралы айтты. Ол ұлттық болмысты сақтауда ғылым мен ағартушылықтың орны ерекше екенін атап өтті.
Спикерлер қатарында: Торайғыров университетінің оқытушысы Борис Викторович Поломарчук , қоғам белсендісі, блогер, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Торайғыров университетінің баспасөз хатшысы Бәкіжан Берікұлы Кәкім, екінші курс студенті Маулен Нурланович Абралин, студенттік ассамблея мүшесі Дмитрий Евгеньевич Бабулиди болды.
Мұндай форматтағы кездесулер қоғам мен жастар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық сананы қалыптастыру және ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді ұрпақ тәрбиелеуге үлкен серпін беретіні сөзсіз.





