Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальмен марапатталды.

 

Студенттерді әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша ToU жұмысы жоғары деңгейде байқалды. Жастардың дамуына қосқан үлесі үшін Торайғыров университетінің басшысы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальмен марапатталды. Марапатты Павлодар облысы Қорғаныс департаментінің бастығы Бекзат Оразов табыстады.

Сағадат Нұрмағамбетов - армия генералы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Халық Қаһарманы. Биыл С. Нұрмағабетовтың туғанына 100 жыл толады. Осы іс-шараның құрметіне мерейтойлық медаль шығарылды.  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қарулы Күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілері, интернационалист-жауынгерлер, әскери-патриоттық ұйымдар, қоғамдық ұйымдардың белсенді қызметшілері және мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және жастар мен студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беруді дамытуға өз үлесін қосып жүрген халықаралық ұйымдардың мүшелері медальмен марапатталады.