Торайғыров университетінде "KEGOC" АҚ "Солтүстік МЭС" филиалының өкілдерімен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Энергетика факультетінің студенттері мен филиал өкілдері жас мамандардың біліктілігін арттыру, практикадан өту және кәсіпорында одан әрі жұмысқа орналасу үшін мүмкін болатын ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кәсіби қызметтің жекелеген бағыттары бойынша жас мамандарды даярлау, алмасу жұмыстары қарастырылды.

- Қазір кадрлық жетіспеушілік жүріп жатыр, филиалмен өзара іс-қимыл Қазақстанның энергетика салаларында жұмыс істеу үшін болашақ мамандарды даярлау деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған, - деді Энергетика факультетінің деканы Олжас Талипов.

 

Айта кетейік, "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭС" филиалының қызметкерлері үшін Торайғыров университетінде біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.