Торайғыров университетінде "Отбасы банк" АҚ өкілімен жас ғалымдарға несие беру бағдарламасы туралы кездесу өтті.

 

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің хабарлауынша, жас ғалымдарға арналған 2023-2027 жылдарға арналған кредиттеу бағдарламасы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрі мен "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасы (Банк қаражаты есебінен) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында жұмыс жасалуда.
Кредиттеу бағдарламасына гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері бар және тұрғын үйге мұқтаж кемінде 3 жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі бар магистр дәрежесінен төмен емес дәрежесі бар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лардың жас ғалымдары қатыса алады. 
Бағдарламаға қатысу үшін жас ғалымдар "Отбасы банк" АҚ-на ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының бірінші басшылары қол қойған құжаттарымен жүгінуі қажет.