Халықаралық туризм күніне орай Торайғыров университетінде "Туризм, алға!» шарасы өтті.

Мақсаты - туризм саласындағы кәсіби әлеуетті ашу, зияткерлік-танымдық және туристік қызметті ынталандыру, үздік студенттерді анықтау.
 

 

Павлодар облысының Кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасы Торайғыров университетімен бірлесіп студенттер арасында жыл сайынғы "Туризм, алға!» шарасын өткізді. Биылғы жылы 12 іс-шара жоспарланған, оның ішінде біз студенттерді де қамтығымыз келді. Жақында экологиялық сенбілік өткізілді.

Байқаудың өзі үш кезеңнен тұрды: команданы әзіл түрінде ұсыну, викторина және жобаны қорғау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлық ретінде  сөмкелер, кітаптар, шатырлар және басқа да туристік жабдықтар алды.