Торайғыров университетінің студенттері осы айда жаңа студенттер үйіне кіре алады.

№ 3 кампус үш жыл ішінде Торайғыров университетінің жер учаскесінде үш тарап арасында жасалған консорциалдық келісім бойынша салынды :* Торайғыров университеті, "Заман Альянс" ЖШС және "Вершина" ЖШС * жобаның құны 1,2 млрд теңгені құрады.

Қазіргі заманғы жатақхана 600 орынға есептелген. Кампуста коворкинг алаңдары, интернетке қосылу, сабақ залы, психологиялық қолдау кабинеті бар.

Сонымен қатар, жобаға халықтың аз қозғалатын топтарына арналған бөлмелер, сондай-ақ медициналық пункт кірді. Жатақхана кампустың орталығында орналасқан.

Университет басшылығы студенттердің жақын арада өз бөлмелеріне кіруіне барлық күш-жігерін жұмсайды.