Баянауыл ауданында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойы өтті. .
Торайғыров университеті "Мәшһүр жолы" аудиокітабының тұсаукесерін, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 10 томдық "Таңдамалы шығармалар жинағы" аудиокітабының тұсаукесерін, сондай-ақ мәшһүртанушылардың кездесуін өткізді. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Пазылов Қажымұқан және басқалар баяндама жасады.
ToU ректоры Еркін Садықов шараға жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі.
- Бүгін біз Мәшһүр Жүсіпті көрнекті ойшыл, ұстаз және қоғам қайраткері ретінде еске аламыз. Ол нағыз патриот ретінде әрқашан өз Отанына, халқына пайда әкелуге дайын болды. Ол өзінің бар ғұмырын зерттеу мен танымға арнады, білімді жетілдіруге құмар болды және қоғамды ағартушылыққа бағыттады. Мәшһүр Жүсіптің мұрасы туралы айтатын болсақ, оның білім мен мәдениетке қосқан үлесі орасан зор. Баба мұрасын ұрпағы жалғастырып, бүгінде көп еңбек жасалуда.
Осындай атаулы күнді мерекелеу аясында бәйге мен көкпардан спорттық ойындар, қазақша күрестен жарыстар, сондай-ақ жыршы, термеші және айтыскерлер арасында республикалық байқау өтті.
Торайғыров университеті этноауылда өзінің киіз үйін тікті. Киіз үйге кез-келген адам барып, дәмді палау, ыстық шай немесе басқа да тәттілерден дәм тата алды. Біздің ЖОО-ның киіз үйінде болғандардың арасында Мәшһүр Жүсіптің мерейтойын атап өтуге келген Баянаулықтар да, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары да болды.
Сонымен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қолөнершілердің қатысуымен Халықаралық Орта Азия жәрмеңкесі, суретшілер көрмесі және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.