Торайғыров университетінде Павлодар облысының мұғалімдеріне арналған
семинар-тренинг өтті.
Кездесу тақырыбы - «Оқушылардың метакогнитивті қабілеттерін дамытуға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу». Семинарды Тұлғалық даму және білім беру кафедрасының аға оқытушысы Анар Попандопуло өткізді.

- 21 ғасырда жаңартылған білім беру жүйесінде оқуға дайындық - күрделі міндет. Метасана, метакогнитивті қабілеттер мен дағдыларды игеру - бүгінгі күнгі ірі бастамалардың негізгі мақсаттарының бірі. Себебі, білім беру мектептерінің оқушылары аудиторияның түрлі талаптары, мақсаттары мен пәндеріне жауап беріп, түрлі ресурстарды синтездеу арқылы нақты дәлелдерді сыни тұрғыдан бағалауға мүмкіндік алу керек, - дейді Анар Попандопуло.