Торайғыров университетінде Әлеуметтік әріптестік туралы ұжымдық шартқа қол қойылды.

Енді кәсіподақ мүшелеріне "Баянтау" ССЛ жеңілдіктер, ауыр ота жасағандарға, алғаш рет некеге тұрғандарға материалдық көмек, сондай-ақ  кәсіподақ мүшелерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына арналған мектеп керек-жарақтары және т. б. беріледі. 
 

Торайғыров университеті қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Жастілек Уахитов кәсіподаққа қатысушылардың саны екі есеге артқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіподақ мүшелері жұмыс уақытында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдана алады, бір апта ішінде әрбір тілек білдіруші волонтерлік қызметке 4 сағат жұмыс уақытын арнай алады, сондай-ақ 4 және одан да көп баласы бар немесе 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар әйелдерге қосымша ақылы демалыс беріледі және т.б.

Бұл жолы ұжымдық шартқа мынадай өзгерістер енгізілді: енді кафедра меңгерушілері үшін икемді жұмыс уақыты белгіленеді, сондай-ақ штаттық қызметкерлерге өтеусіз негізде біліктілікті арттыру курстары берілетін болады.

- Бүгінде әрбір басшы ұжымды сақтау кәсіпорын жұмысының маңызды факторларының бірі екенін түсінуі тиіс. ToU-да көптеген жылдар бойы университет қызметкерлерінің мүдделерін қорғайтын өте мықты кәсіподақ жұмыс істейді. Кәсіподақ пен ЖОО-ның HR-қызметі бастамашылық еткен жаңа қолдау шаралары ToU қызметкерлері мен жас ғалымдарды одан да қорғалған етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Сондай-ақ, осы күні Торайғыров университеті мен "Қазақстандық  білім және ғылым қызметкерлерінің  салалық кәсіптік одағы Павлодар облыстық ұйымы" ҚБ арасында ынтымақтастық және серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Жиынға Қазақстандық  білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының төрағасы Гүлбарам Науразбаева қатысты.

Сонымен қатар, ЖОО ректоры Еркін Садықов кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан жеке үлесі үшін "Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін" белгісімен марапатталды