Торайғыров университетінде оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары өтті. Тренингті жоғары оқу орнының  HR қызметі талант-менеджмент орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. 

Кәсіби коучтер  Тина Маняпова және Гаухар Жұмабекова "Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде пәндік құзыреттілікті дамыту" тақырыбы бойынша оқыту және жаңа тәсілдерді қолдану курстарын әзірледі. 

Курстың мақсаты - ғылыми оқытушылық өтілі үш жылдан кем оқытушыларға көмек көрсету. 

- Бұл курстар оқытушыларға пәндік құзыреттілікті арттыру, сыни ойлауды дамыту стратегиялары мен әдістерін пайдалануға көмектеседі. Курста меңгерген дағдылар кәсіби қызметте қолданылады. Айта кетейік, курстар тегін. Курсты аяқтаған оқытушылар сертификаттарға ие болады. Бұл құжат KPI көрсеткішін анықтауда қажет, - деді  HR-қызметінің директоры Анар Жакишева.