Зияткерлік жарысқа Қазақстанның 775 оқытушысы қатысты. Торайғыров университетінің алты оқытушысы "ЖОО үздік оқытушысы - 2022" атағына ие болды.
Республика бойынша 45 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңіске жетті. 

ToU атынан Нұргүл Тоқжігітова, Бақыт Қуанышева, Майра Қожамжарова, Олжас Тәліпов, Асхат Бергузинов және Шынар Арынова бұл марапатқа ие болды.

Олар ғылыми ізденістерін электр энергетикасы, философия,  computer science, биология және филология салалары бойынша жалғастырады. 

Электр энергетикасы кафедрасының меңгерушісі Олжас Тәліповтің айтуынша, "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы кәсіби тұрғыдан дамуға және жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады. Ол зерттеу қызметін геркондарда қорғаныс құру бағытында жалғастырады. Бұл қорғаныстарды енгізу мыс пен қорғасынды үнемдеуге мүмкіндік береді.