Торайғыров университетінде "Полиция жұмысының сервистік моделі" жобасы шеңберінде полиция қызметкерлерінің алғашқы легінің курсы аяқталды. Курстың қорытындысы шығарылды.

Жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы полицейлерді сервистік модель аясында жаңа жұмыс әдістеріне үйрету үшін арнайы курс әзірледі. 

Курс авторлары құқық қорғау органдары мен азаматтар арасындағы мәселелерді шешу жолында серіктес қарым-қатынас орнатуға баса назар аударды. Тәртіп сақшыларын оқытуда оқытушылар, судьялар, кәсіби медиаторлар, психологтар қатысты.
Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға Soft Skills (жұмсақ дағдылар) кәсіби дағдыларды дамыту жөніндегі сертификаттар табысталды. Бұл дағдылар командада жұмыс істеуге, эмоциялық жағдайды реттеуге көмектеседі