Торайғыров университетінде қола жүлдегер Дәулет Шабанбаевпен және оның жаттықтырушысы Оразалы Мұхаметалимовпен кездесу өтті.

  

Кездесуде Павлодар облысы бойынша біріккен күрес түрлері федерациясының өкілдері болды.Сондай-ақ, Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімінің басшысы Олег Кольев алғы сөз сөйледі.

- Оның Лондондағы XXX Жазғы Олимпиада ойындарының қола медалімен марапатталғанын бәріңіз білетін шығарсыздар. Шын мәнінде, дәл қазір Дәулет Павлодар облысының басты спорт жұлдыздарының бірі болып табылады және Торайғыров университетінің осындай атақты досы бар екеніне өте қуаныштымын. Дәулетке, оның адалдығы мен ерік-жігеріне қарап, бүгінде спортпен айналысатын ұлдар мен қыздар болашақта чемпион болатыны сөзсіз. Ақ жол, Дәулет!- деп атап өтті ToU ректоры Еркін Садықов.

Естеріңізге сала кетейік, ХОК шешімінен кейін үш жыл өткен соң 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола медалі Павлодар облысының еркін күресшісі Дәулет Шабанбайға табысталды. Бұл - Ертіс өңірі спортшыларының жазғы олимпиададағы алғашқы марапаты.  Лондон Олимпиадасында Дәулет Шабанбай бесінші орында 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алайда, кейінірек, 2019 жылы допинг сынамаларын қайта тексергеннен кейін грузин балуаны Дэвид Модзманашвили мен Артур Таймазов (Өзбекстан) тыйым салынған препараттарды қолданғаны үшін ұсталды.