Торайғыров Университеті шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуде. Бұл жолы университет делегациясы Германияда Anhalt University of Applied Science іссапармен болды.
 

Естеріңізге сала кетсек, университеттердің ынтымақтастығы 2021 жылы "Торайғыров университеттің Герман  факультеті" жобасын іске асырумен басталды.

Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі – проректор Петр Быков пен аккредиттеу және СМЖ Кеңсесінің бастығы Серік Ильясовтың Anhalt University of Applied Science-ке осы сапарының қорытындысы бакалавриат және магистратура деңгейінде қос диплом бағдарламаларын әзірлеу және дамыту туралы келісім болды.

Anhalt University of Applied Science Президенті, профессор Jorg Bagdahn және электротехника, машина жасау және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру, информатика, ауыл шаруашылығы және ландшафты дизайн, экономика ғылымдары факультеттерінің профессорлары Dr. Eduard Siemens, Dr. Anja Mohaupt, Dr. Ingo Chmielewski, Dr. Elena Kashtanova, Dr. Michael Вrutscheck т.б. кездесу өтті, ғылыми зертханалар мен жобалардың жұмысымен таныстырылды.