Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып жатыр. Ілгері жылжу конституциялық реформаларсыз мүмкін емес. Бұл туралы Торайғыров университетінде өткен ректорат пен студенттер, қызметкерлердің кездесуінде әңгіме қозғалды. 

Кездесу барысында конституциялық реформалар сөз болды. Референдум барысында еліміздің бас заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Өзгретулер соңғы рет 27 жыл бұрын орын алған. Бұл мәселені парламент емес, референдум барысында халық қозғайды. Конституциялық реформа – 2019 жылдан бергі саяси реформалардың жалғасы.

Диалогқа қатысушылар реформалардың мақсат-міндеттері, суперпрезиденттік басқарудан президенттік басқаруға ауысу, парламенттің мәртебесі мен халық қозғаған мәселелерді талқылады. ЖОО студенттері мен қызметкерлері
саяси өзгерістерге қолдау білдіріп, елдің жарқын болашағы үшін дауыс беретіндерін жеткізді.