Торайғыров университетінің  оқытушылары BTS Education компаниясымен бірге инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге үйренуде. 

BTS Education компаниясы - «Жаңа мамандықтар профессиясы» жобасының әзірлеушілері. Онда әр сала бойынша өзектілігін жоғалтқан немесе пайда болған мамандықтар көрсетілген.

Үш күн ішінде жоғары оқу орнында аймақтың ерекшелігі, еңбек нарығының сұранысына орай білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тренинг өтуде. Бағдарламалар ЖОО мен серіктестердің қажеттіліктері бойынша екідипломды траекторияға бағытталған. 

Оқу нәтижесінде «Автоматтандыру және басқару», «Машина жасау және реверс-инжиниринг» бағыттары бойынша болашақ мамандықтар негізінде инновациялық бағдарламалар жасалады. Мәселен, үрдістерді автоматтандыру маманы, бақылау-өлшеу аспаптарының электромеханигі, 3-D модельдеу констукторы, станоктар операторы, прототиптеу инженері. Бұл бағдарламалардың түлектері аймақтың өндіріс ошақтарына жұмысқа орналаса алады. 

Тыңдаушылардың айтуынша, семинар оқу үрдісіне басқара қарап, үйреншікті құралдардың маңызы туралы ой қозғауға түрткі болды. «Семинар тиімді әрі тәжірибелік жағынан маңызды болып шықты. Ұсынылған материалдардың көмегімен мақсат-міндеттерімізді анықтап, қызметіміздің алдағы траекториялары туралы ойланатын болдық», - дейді инженерия факульетінің деканы Руслан Мұқанов.

Оқытушылар семинарға оң бағаларын берді. 

Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.