Торайғыров университетінің студенттері «Инженер-гуманист - реальность времени» республикалық пәндік олимпиадада үшінші орынға ие болды.

Техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан Өскемен, Семей, Павлодар және Қарағанды қалаларының командалары Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де бас қосты. 20 команда бақ сынады.
Қатысушылар тарих, мәдениет, философия бойынша білімдерін ортаға салып, жобаларын қорғады.
- Біздің студенттер үшін кей кездері өзгеше ойлап, талқылау маңызды. Біз инженерлер өздері ойлап тапқан жасанды құралдар үшін жауапты деген оймен келісеміз. Мәселен, Андрей Сахаров пен Михаил Калашниковтың өнертабыстары соған дәлел, - дейді Ерсін Көптөлеу.