Австрияда EuroSkills Graz 2021 кәсіби шеберліктен Еуропа чемпионатының қорытындысы шығарылды!

Біздің "Computer Science" факультетінің студенті Афанасьева Динаны шын жүректен және үлкен мақтанышпен құттықтаймыз, ол "Веб-әзірлеу"құзыреттілігі бойынша қола медаль алды. Дина өзінің жеңісімен Чемпионаттың барлық кезеңінде алғаш рет Қазақстанға медаль алып келді және біздің елімізді көшбасшылардың құрметті тізіміне енгізді.
EuroSkills Graz 2021 Австрияда 22-26 қыркүйек аралығында өтті. Бұл Еуропадағы кәсіби шеберлік бойынша екі жылда бір рет өткізілетін және кадрларды даярлау мен кәсіптік білім беру деңгейін арттыруға бағытталған ірі жарыстар.
Естеріңізге сала кетейік, Дина "веб-дизайн және әзірлеу" құзыреттілігі бойынша "WorldSkills Asia Online Friendly Skills Games 2021" халықаралық байқауының және WorldSkills Еуразиялық чемпионатының жеңімпазы атанды.