2011 жылдың 7 ақпанында мерзімдік басылымдар оқу залында тарих және құқық факультетінің студенттері мен оқытушыларына арналған «Тарих-мамандарының күні» өткізілді.
Бұл шара тарих ғылымдарының кандидаты Р.В. Григорьева мен академик С. Бейсембаев атындағы Ғылыми кітапхананың оқу залының меңгерушісі Г.К. Аманованың ұйымдастыруымен, конференция түрінде өткізілді.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты студенттер мен оқытушыларды тарих бойынша жаңа әдебиеттермен таныстыру, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тереңдетуге ықпал ету, пәнді оқыту әдістері бойынша мағлұматтар беру, студент жастарының патриоттық сезімін тәрбиелеу болды.
Шара бағдарламасына сәйкес алғысөз Р.В. Григорьеваға ұсынылды. Ол студенттерге тарих бойынша педагогикалық практикадан әдістемелік нұсқаулар берді.
Тарих және құқық туралы білімнің оқыту пәні ретіндегі рөлі мен маңыздылығы, жалпы білім мекемелеріндегі мұғалімнің орны туралы әңгімені кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Мамытова С.Н., педагогика және психология кафедрасының оқытушылары, педагогикалық практика бөлімінің қызметкерлері жалғастырды.
Аманова Г.К. тарих мамандығы бойынша практикант студенттердің педагогикалық практикасына арналған нұсқаулық әдеби шолу жасады.
Музыканттар, хирургтар дарынды бола тұра өнерге үйренетініндей, педагогтық шеберлікке де үйрену керек. Ол үшін не қажет? Алдымен өзің оқытатын пәнді жақсы меңгерген жөн. Бірақ оны жемісті оқыту үшін мынадай белгілі тәсілдерді меңгеру қажет:
- түсіндіру, сұрау әдісі, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру, педагогикалық ықпал ету, психологияны білу.
Міне, академик С. Бейсембаев атындағы Ғылыми кітапхана қорынан ұсынылып отырған оқулықтар мен әдістемелік құралдар, журналдар осы тақырыпты тереңірек ашуға мүмкіндік береді.
2001 жылдың 1 қазанынан бастап шыға бастаған «История Казахстана: преподавание в школах и вузах» атты республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналдар кез келген тарихшы-мұғалімнің күнделікті қолданатын журналдарының бірі болып табылады. Біздің кітапханада осы журнал жинақтары 2002 жылдан бастап жинақталған. Журналдың: «Жаңа педагогикалық технологиялар», «Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау», «Әдістемелік зерттеулер», «Қоғамдық пәндер», «Оқыту әдістемесі» айдарларынан сыныптан тыс шаралардың нұсқауларын табуға болады. Мысалы, «Біздің мемлекетіміздің гимні» атты сынып сағаты, «Тарих және құқық білгірлері» атты интеллектуалдық казино, «Біздің Отанымыз – Қазақстан», КВН, «ХХІ Ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық шоу, мектепте тарихты оқытуда көрнекіліктерді қолдануды жетілдіру бойынша нұсқаулықтар жариялнған.
Журналдың 2008 жылғы №8 нөмірінің «Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі» атты айдарында Алматы қ. тарих мұғалімі Нүспекова Г.Л. өзінің «Қазіргі кездегі сабақ талаптары мен оны талдау» атты мақаласында сабақтың әдістемелік негізіне, сабақты жемісті өткізу мен дайындаудың негізгі әдістері жайында толық түсініктеме береді. Болашақ мұғалімдер үшін құнды материал болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мәселесі ҚР білім жүйесіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Патриоттық тәрбие бойынша алға қойылған міндеттерді шешудегі ерекше рөл тарих мұғалімдеріне ҚР Басшылығының идеялары мен шешімдерін насихаттаушы-идеологтар ретінде жүктеледі.
Іс жүзінде жақындағы президенттің Қазақстан халқына жолдауына байланысты, оқушыларға жылсайынғы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауының негізгі идеялары мен принциптерін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастыруға болады. Журналдың №7 нөмірінде осы шараның дайын жоспары берілген.
Осы журнал беттерінде әр түрлі шаралардың: сынып сағаты, ойындар, кештер, диспуттар және т.б. сценарилер берілген.
Назарларыңызға ұсынылатын келесі республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «История Казахстана: преподавание в школе» 2003 жылдың ақпанынан бастап шыға бастады. Біздің кітапханамызда бұл журналдың тек 2003 жылғы жинағы бар.
Осы журнал беттерінен педагогикалық қызметте қажет көптеген пайдалы кеңестер, педагогикалық жұмыс тәжірибелерін, дайын сабақ үлгілерін, сыныптан тыс шаралар сценариін, ғалымдар зерттеулерін және т.б. қажетті ақпараттар алуға болады.
Журнал келесі айдарлардан тұрады: «Айтулы даталар күнтізбесі», «Әдістемелік жинақтар», «Сыныптан тыс жұмыстар», «Тарихи тұлғалар», сонымен қатар журнал «Сіздің кітап сөреңізге» айдарында Қазақстан тарихы бойынша шыққан жаңа кітаптар ұсынады.
Сондай-ақ журнал беттерінде интерактивті сабақтардың дайын жобасын:
- сабақтар – сайыстар мен ойындар (эстафета, дуэль, рөлдік және іскерлік ойындар, КВН, турнир, конкурс);
- қоғамдық тәжірибеде танымал жұмыс әдістеріне негізделген сабақтар («ми шабуылы», сұхбат, репортаж);
- көпшілік алдында сөйлеуді үйрететін сабақтар (пресс-конференция).
Назарларыңызға бұдан басқа ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-көпшілік, қоғамдық журналдарды ұсынамыз. Оған келесі журналдарды жатқызуға болады:
- Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және жоо-да = Всеобщая история и правоведение в школе, колледже и вузе. Журнал 2003 жылдан бастап қазақ және орыс тілінде шығады. Кітапханада 2003-2010 жылдар жинағы бар.
- Отан тарихы = Отечественная история. 1998-2003, 2005-2010 жж.
- Қазақ өркениеті = Казахская цивилизация. 2003, 2004, 2005, 2008, 2009, 2010.
- ПМУ хабаршысы: гуманитарлық серия = Вестник ПГУ: гуманитарная серия. 2004 ж. бастап шығады.
- Өлкетану = Краеведение. 2001 ж. бастап шығады.
- Хабаршы = Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. 1992 ж. бастап шығады.
- Мәдени мұра = Культурное наследие. 2008-2009 жж.
«НОМАД» журналы 2005 жылдан бастап шығады. Бұл журналдың қызықты хабарлар дайындауда көмегі зор. Онда қазақ халқының салт-дәстүрі, археологиялық жаңалықтар, қызықты көрмелер мен жобалар туралы баға жетпес құнды ақпараттармен қатар қазақстандық суретшілер шығармашылығынан көптеген мағлұматтар алуға болады.
Әдістемелік жұмыстарға қатысты бағалы ақпаратты ресей басылымдарынан табуға болады:
- Преподавание истории в школе. Ғылыми-теориялық және әдістемелік журнал. Кітапханада 2001, 2002, 2003 ж. жинақтар бар.
- Преподавание истории и обществознания в школе. 2001, 2002, 2003 ж.
Ресей ғылыми журналдары:
- Отечественная история. 1992-1996, 2004-2006 жж.;
- Новая и новейшая история. 1993, 1996, 2001-2003, 2005, 2006 ж.;
- «1 Сентября: История» газет жинағы;
- «Преподавания истории в школе РФ» ғылыми-теориялық және
әдістемелік журнал;
- «Отечественная история» Ресей ғылым академиясының журналы
және т.б.
Кітапхана қорын кеңірек ашу мақсатында оқу залының кітапханашылары Г.У. Құдайбергенова мен Л.К. Дюсекееваның «Практикант-студенттерге көмек» тақырыбына ұйымдастырған көрмесінде аталған мерзімдік басылымдармен қатар, кітапхана қорынан 60 дана оқулықтар мен әдістемелік құралдар ұсынылды.
Аманова Г.К., Ергожина А.Т.
Павлодар қ., С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасы