Библиографиялық қызмет көрсетудің өзінің қызмет аясы ретінде «библиографиялық ақпарат - пайдаланушы» жүйесі бар, мақсаты – библиографиялық ақпаратты оқырманға тиімді жолмен жеткізетін жағдай жасау болып табылады. Оның нәтижесі ретінде құжаттар туралы мәліметтерді тарату мақсатында жүзеге асырылған «шаралар» жиынтығын атауға болады: орындалған библиографиялық тізімдер саны, әдебиеттер тізімі, Библиография күндері, Мамандар күндері, ұйымдастырылған көрмелер, әдебиеттер шолуы және т.б. Аталған барлық нәтиже көз жетерлік, есепке алуға жеңіл, және оған қарап библиографиялық жұмыс ауқымы мен сапасы анықталады.  Осы процестер жиынтығы – библиографиялық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Кітапханалық-ақпараттық қызметтің ортақ міндеті қоғам мүшелерінің ақпараттық қажеттігін қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктер ерекшелігін зерделеу кітапханалық-ақпараттық қызмет жүйесін жасаудың негізі іспеттес. Ақпараттық қажеттіліктер туралы мәліметтер ақпарат қорын жасақтауды және сақтауды ұйымдастыруда, ақпараттық, ақпарат пайдаланушыларына кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету процестерінде және тағы басқа ақпараттық-кітапханалық қызмет жүйесінің маңызды кезеңдерінде пайдаланылады.

Қызмет көрсету процесін ұйымдастыру барысында орындалатын бірнеше кезеңдер ретін ерекшелеуге болады:

-    пайдаланушыларды зерделеу;

-    қызмет көрсету ережелері мен түрін таңдау;

-    қызмет көрсетуде пайдаланылуы мүмкін ақпарат ресурстарын талдау;

-    ақпараттық ресурстарда навигация құралдарының тиімділігін талдау;

-    ақпараттық өнімді (немесе сатып алу) әзірлеу;

-    қызмет көрсету тиімділігін зерттеу.
 

Библиографиялық ақпарат пайдаланушылары

Кітапхана қызметін пайдаланушы оқырмандардың негізгі топтарын білмейінше, библиографиялық қызметті тиісті деңгейде ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтан оқырмандарды реалды және потенциалды библиографиялық ақпарат пайдаланушылар ретінде классификациялау қажеттілігі туындайды. Библиографиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқырмандардың кәсіптік қызмет сферасы, олардың лауазымдық мәртебесі негізінде дифференциациялау әдісі қызығушылық туғызады. Пайдаланушыларды дифференциациялау құжаттар мен ақпараттық қызмет құралдарын оқырмандарға дәл бағыттау үшін қажет. Мысалы, әлеуметтік ғылым саласы пайдаланушыларының негізгі топтарына: оқытушылар, аспиранттар, жоғары және орта оқу орындарының студенттері жатады. Одан арғы дифференциациялау әртүрлі белгілеріне: саласына, мамандығына, біліміне, мекеме бағдарына байланысты жүзеге асырылады.

Салалық библиографияда ақпарат пайдаланушыларының негізгі екі тобы ерекшеленеді:

-    кәсіптік

-    кәсіптік емес.

Әлеуметтік ғылым саласындағы кәсіптік библиографиялық қажеттіліктер дәстүрлі ақпарат көздерінің көмегімен қанағаттандырылады – ағымдағы және ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық құралдар, сондай-ақ библиографиялық деректер базасының көмегімен, бастапқы ақпарат көздерімен.

Кәсіптік емес библиографиялық қажеттіліктер – бұл оқырмандардың күнделікті қызығушылығынан туған ақпараттық қажеттіліктері. Азаматтардың кең топтарына арналған ақпарат көздеріне мерзімдік басылымдар: журналадар мен газеттер жатады.

Кез келген мамандардың ақпараттық қажеттілігі өзінің құрылымы жағынан күрделі болып келеді және бастапқы құжаттар туралы мәліметтерге, библиографиялық ақпаратқа, сондай-ақ фактографиялық және концептографиялық ақпаратқа деген талаптарымен ерекшеленеді.

(Е. В. Иеништің «Библиографический поиск в научной работе» (1982г.) және Г. Б. Паршукованың «Методика поиска профессиональной информации» (2006г.) кітаптары, ПМУ білім порталындағы «Библиографическое пособие в научной деятельности» мақаласы).

Библиографиялық-ақпаратық қызмет түрлері

Кезінде кітапханалық-ақпараттық қызметкерлер тарапынан бір де бірі ақпараттық қажеттіліктерді зерттеу мәселесіне көңіл аударылмады.

А. И. Черный ақпараттық қажеттілікті келесі жолмен анықтады:

ақпараттық қажеттілік – бұл «белгілі бір мақсатқа жетуге арналған ақпарат». Оны қанағаттандыру үшін кітапханалар мен мұрағаттар, ал кейінгі кезде – күрделі ақпараттық жүйелер жасалды. Көптеген зерттеушілер айтқандай, пайдаланушылардың қажеттіліктері өздерін ақпаратпен қамтамасыз ететін мамандардың қызмет көрсету түрін анықтайды.

Кез келген деңгейдегі кітапханалар ақпараттық, ғылыми, мәдени және білім мекемелерінің функцияларын атқарады. Олар пайдаланушыларға қажетті үлкен кітапханалық-ақпараттық ресурстар жинақтап, оларды насихаттау мен ақпараттандырудың әдістері мен амалдарының  арсеналына ие.

Ақпараттық қажеттіліктерді құжаттық, библиографиялық, фактографиялық деп бөлуге болады.

Құжаттық ақпараттық қажеттілік –бұл құжаттарға деген қажеттілік.

Библиографиялық қажеттілік - бұл құжаттар туралы мәліметтерге деген қажеттілік.

Фактографиялық – бұл фактілік мәліметтерге деген қажеттілік.

Осы ақпараттық қажеттіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысу арқылы әлеуметтік ғылымдар бойынша ақпараттық  қажеттіліктерді өтеу барысында ақпарат көздерінің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Библиографиялық ақпараттандыру – қызмет көрсетудің ең күрделілерінің бірі. Оның негізін оқырмандар сұранысына сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету құрайды.

Бұқаралық библиографиялық ақпараттандыру

Бұқаралық библиографиялық ақпараттандыру оқырмандар мен ұжымдарды жаңадан түскен әдебиеттер туралы мәліметтермен таныстыруға бағытталады. 

Бұқаралық библиографиялық ақпараттандырудың кең таралған түріне кітапханаға жаңадан түскен әдебиеттер туралы мәліметтеремен ресімделген ақпараттық бюллетень шығару жатады.

Бюллетеньдерге қойылатын негізгі талаптардың бірі – жеделдік және ақпараттық интервалдың аз болуында (әдебиеттің кітапханаға келіп түскен уақытынан бастап кезекті бюллетеньге енгізілу мерзімі). Ең тиімді нұсқа – айсайын шығарылатын бюллетеньді бір жарым айдан кешіктірмеу.

Бюллетень шығаруға мүмкіндігі жоқ кішігірім кітапханаларда жаңадан түскен әдебиеттер тізімін жасап, ережеге сәйкес кітап беру үстелінің жанына іліп қойылады.

Оқырмандарды жаңадан түскен әдебиеттермен таныстырудың тиімді жолдарына мамандар күні, ақпараттандыру күндері, көрмелер жатады. Олардың артықшылығы оқырмандардың кітапханаға түскен әдебиеттермен тікелей таныса алуында. Бұл шаралардың қаншалықты қажеттілігін сауалнама жүргізу арқылы анықтауға болады.

Дәстүрлі манмандандырылған қарым-қатынастан өзге, бүгінгі күні жаңа ақпараттық технологияларға негізделген заманауи нұсқалар белсенді түрде қолданылады:

- электрондық журналдар – жылдам жариялануымен, жеделдігімен және қолайлығымен ерекшеленетін (Интернетке шығу мүмкіндігі болғанда);

- электронды басылымдардың мұрағаты – қандай да бір себептермен баспа басылымдарына енбей қалған баяндамалар мен материалдардың толық мәтіндері;

- интернет-конференциялар – негізгі ерекшелігі қашықтан қатынасу мүмкіндігі болуында, ақпаратпен танысуға мүмкіндік алушылар санының шексіздігінде;

- Интернет жүйесіндегі кәсіби форумдар мамандардың көкейкесті мәселелерді талқылап, консультация алуларына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде жалпыбілім және актуалды тақырыптарға арналған көптеген Интернет-ресурстар жұмыс атқарады. Олармен және оларға ұқсас ресурстармен танысу, оқырмандар үшін ақпарат ұйымдастыру барысында кітапханаларға көп көмек көрсетеді.

ХХ ғасыр соңы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен айқындалып, ақпаратқа қол жеткізу жолындағы географиялық, ведомстволық және басқа да бөгеттерді азайтуға көмектесті. Ақпараттық қызмет қоғамдық ақпараттық ресурстар жиынтығын пайдалануға бағытталатын болды. Бұл ресурстардың навигациялық құралдары ретінде жеке кітапханалардың және  кітапханалық консорциумдардың электрондық каталогтары алынды. Кітапханааралық абонемент құжаттарды электрондық табыс етумен алмастырылды.


Пайланылған әдебиеттер тізімі

1    Фокеев, В. А. Библиографическая информация: экспликация понятия // Мир библиографии. – 2003. – №4. – С. 14-18.
2    ГОСТ 7.0-99 (ИСО 5127-1-83). Информационно-библиотечная деятельность, библиография. Термины и определения. – Взамен ГОСТ 7.0-84, ГОСТ 7.26-80; Введ. 01.07.2000 // Стандарты по библиотечному делу / сост. : Т. В. Захарчук [и др.]. – СПб. : Изд-во «Профессия», 2000. – С. 14-49.
3    Лунегова, Е. Н. Как наладить обмен профессиональной информацией // Библиотека. – 2005. – №3. – С. 28-29.
4    Брежнева, В. В. Информационное обслуживание: продукты и услуги, предоставляемые библиотеками и службами информации предприятий: учебно-практическое пособие / В. В.Брежнева, В. А. Минкина. – Спб. : Профессия, 2004. – 304 с.
5    Коготков, Д. Я. Библиографическая деятельность библиотеки: организация, управление, технология: учебник / под общ. ред. О. П. Коршунова. – Спб. : Профессия, 2003. – 304 с.
6    Степанов, В. К. Информационно-библиографическая деятельность в цифровой среде: состояние и анализ тенденций // http: // www. Vadimstepanov.ru / pb-lst-r.htm.
7    Библиография естественнонаучной литературы / под ред. М. П. Гастфера, Г. К. Быстровой. – М. : Книга, 1983. – 287 с.
8    Новые технологии в информационном обеспечении науки // http://www.benran.ru/Magazin/cgi-bin/Sb 01/pr01.exe?!24.
9    Иениш, Е. В. Библиографический поиск в научной работе: cправочное пособие-путеводитель / науч. ред. И. К. Кирпичева. – М. : Книга, 1982. – 247 с.
10    Паршукова, Г. Б. Информационное библиографическое сопровождение научной деятельности студентов технического вуза / Г. Б Паршукова, Г. А. Кейглер, З. С. Темлякова // http: // library.nstu.ru / about / nir / 2002 / nir 20021.
11    Мангутова, С. Д. От традиционных указателей к Интернет-ориентированным поисковым системам: электронный путеводитель по библиографическим источникам (по результатам пилотного проекта РНБ) // EVA 2003: мат. конф., Москва, 1-5 декабря 2003. – С. 51.
12    Геллер, И. С. Преподаватель вуза как читатель и автор // http: // library.nstu.ru / about / nir / 2002 / nir 20021.