2009 жылғы тамыздың 21-інде мұғалімдердің тамыз мәжілісі шеңберінде С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің кітапханасында ЖОО, колледж, кәсіптік лицейлер кітапханашыларының «Жастарға патриоттық тәрбие берудегі кітапхананың рөлі» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.
Жастарға патриоттық, азаматтық тәрбие беруді жүзеге асыру үшін бұл жұмысқа кешенді бағыт, сондай-ақ осыған мүдделі мемлекеттік және коммерциялық емес құрылымдармен қызметтес болу қажет. Патриоттық тәрбие беру азаматтық тұрғысын қалыптастыруда жастармен жұмыс істеуде кітапхана жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілуі тиіс: рухани-адамгершілік, азаматтық-құқық, талерантты сана-сезімді қалыптастыру. Қазіргі кездегі әрбір оқу кітапханасы дерлік ие ақпараттық ресурстарды қолдана отырып «Біз өмір сүреміз және жадымызда сақтаймыз», « ХХІ ғасыр – рухани ағару дәуірі» тақырыптарындағы патриоттық тәрбие беру бағдарламасын жүзеге асыруға болады. Көрсетілген бағдарлама аясында «Отанды қорғау – қасиетті парызым» және т.б. тақырыптарда шаралар өткізуге болады. ҚР рәміздерін насихаттауға көп көңіл бөлу керек. Жұмыстың негізгі бағыты – туған елін, Отанын сүюге тәрбиелеу, дәстүрлерді құрметтеу болып табылады. Патриоттық тәрбие беру жұмысын бүгінгі ұрпақ пен бұрынғы ұрпақтың сабақтастығын негізге ала отырып, мысалы, Ұлы Отан соғысына, Ауған соғысына қатысқан ардагерлерімен байланыс жасау арқылы жүргізуге болады. Жыл сайын Тәуелсіздік күніне, Жеңіс күніне орай ардагерлермен кездесу кешін ұйымдастыру керек. Осындай негізгі бағыттар туралы ғылыми-әдістемелік бөлім меңгерушісі Б.С.Әлжанованың «Жастарға патриоттық тәрбие берудегі кітапхана жұмысының басым бағыттары» атты баяндамасы тыңдалды.
Семинарға қатысушылар «Оқырмандардың рухани білімі мен зияткерлік деңгейін көтерудегі кітапхана әсері», «Жастарды Қазақстан патриотизмі рухында тәрбиелеу», «Жастарға патриоттық тәрбие беруде кітапхана-ақпараттық қызмет жұмысында әртүрлі әдістерді қолдану», «Кітапхананың өлкетану жұмысы оқырмандарға патриоттық тәрбие беру формасы ретінде» т.б. тақырыптарды талқыға салды.
Кітапханадағы жұмыс тәжірибесімен Красноармейка колледжінің кітапханашысы Н.Н.Степанова бөлісті. Ол Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде әдеби-музыкалық кеш, ойталас, кездесулер өткізу сияқты әдістерді ұсынды. Мысал ретінде Ауған соғысында қаза тапқан жауынгердің отбасымен өткізілген еске алу кешінін электронды нұсқасы көрсетілді. Кітапханашы осындай шаралар патриоттық тәрбие берудің тиімді әдісі болып табылады деп есептейді.
Алматы экономика және статистика академиясы филиалының кітапханашысы О.А.Дзюбан ҚР туын, елтаңбасын, әнұранын көрнекті жерге іліп қою тәжірибесін ұсынды. Бұл жас оқырмандардың назарын аударады.
Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжінің кітапхана меңгерушісі Н.Т.Амренованың ойынша азаматтық тәрбие беру шараларын «ерлік» сөзінің мәні өмірлік мағынаға ие деп санайтын әдеби кейіпкерлерді мысалға ала отырып өткізудің маңызы зор екендігін атап өтті.
Семинардың тиімділігін зерттеу мақсатында қорытынды ретінде сауалнама жүргізілді. Шараға қатысушылар семинардың мазмұнды, сапалы, заманауи екенін атап өтті.