Анонстар мен іс-шаралар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастардың аналитикалық және зерттеу құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша шешімдер әзірлеуге және ілгерілетуге қабілетті жас сарапшылар пулын қалыптастыруға бағытталған «Jastar Research Hub» жас сарапшылар акселераторы жобасы іске қосылды.

Жоба жастар саясаты, мемлекеттік басқару, цифрландыру, өңірлік даму және қоғамдық үдерістер салаларында зерттеу және сараптамалық қызметке қызығушылық танытатын магистратура және докторантура студенттеріне арналған.

Жоба аясында:

- қатысушыларды конкурстық іріктеу (2026 жылғы 4 мамыр – 4 маусым аралығы);

- оқыту бағдарламасын өткізу;

- аналитикалық баяндамаларды дайындау және таныстыру;

- қатысушыларды сараптамалық алаңдарға тарту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

- кәсіби даму мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу көзделген.

Жобаға қатысу үшін үміткерлер www.eljastary.kz сайтында өтінім толтыруы қажет.

Байланыс тұлғалары:

Ақмарал Тұрғайбекқызы – «Жастар» ҒЗО директорының орынбасары,

тел.: +77014260195; Айым – «Жастар» ҒЗО сарапшысы, тел.: +7 775 734 7247

Электрондық пошта: infonic@eljastary.kz


Акселератор.pdf
Акселератор Каз.pdf
Толығырақ
2026-06-15 00:00:00

«Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру Қағидалары» сәйкес оқу процесінде босатылған бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша бос білім беру гранттарын беруге өтініштерді онлайн-қабылдау жарияланады.

Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 18 мамыр мен 05 маусым аралығында Студенттердің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін шарт негізінде білім алушылар мынадай құжаттарды тіркеуі қажет:

- Басқарма Төрағасы-ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- транскриптке өтініш;

- жеке куәліктің көшірмесі.

Босаған гранттар тізімі университет порталында, «студенттерге»-«босаған гранттар» бөлімінде орналастырылған (сілтеме: https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&id=9974).

Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін – А, А- («өте жақсы») - В+, В, В -, С+ бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады («жақсы»), бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.

Үміткерлердің өтініштері білім беру бағдарламаларының тобы, оқу курсы, оқу базасы (мектеп/колледж базасында) контекстінде қарастырылады.

Білім беру бағдарламалары тобына үміткерлер болмаған жағдайда бос білім беру гранттары оқу саласы бойынша және одан әрі білім беру саласы бойынша қайта бөлінеді.

Оқу барысында босатылған бос гранттарды беру туралы шешімді Университеттің Ғылыми кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдайды.

Толығырақ
2026-05-18 00:00:00

Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттарды, студенттерді (ғылыми жетекшімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды

«ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПТІСІ»

атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

19 маусым 2026 жыл

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.

Өткізу форматы: офлайн/онлайн

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2026 ЖЫЛДЫҢ 10 МАУСЫМЫНА ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады. Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Қосымша: Ақпараттық хат


Инф письмо Конференция на рус каз eng 2026 (1).pdf
Толығырақ
2026-05-18 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone