Анонстар мен іс-шаралар

Құрметті студенттер!

 

2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде Испаниядағы Universidad de Castilla-La Mancha университетінде

оқуға арналған Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін 2–3 курс студенттері арасында конкурс жарияланады.

Білім беру бағдарламалары: «Ақпараттық технологиялар», «Журналистика», «Әлеуметтік жұмыс», «Химия», «Құрылыс», «Машина жасау», «Экономика».

 

Орын саны: 1

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2025 жылғы 14 қарашаға дейін

 

Қатысу талаптары:

Ағылшын тілін B1 деңгейінен төмен емес меңгеру (куәлік міндетті);

Академиялық үлгерім деңгейі: A, A-, B+, B, B-;

Марапаттар мен сертификаттардың болуы құпталады.

 

Қажетті құжаттар:

Өтініш (Application Form – 1)

Learning Agreement пәндер тізімімен

Мотивациялық хат (ағылшын тілінде)

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы анықтама (кемінде B1)

Академиялық транскрипт (ағылшын тілінде)

Паспорттың көшірмесі және PDF сканы

Деканның және/немесе кафедра меңгерушісінің ұсыным хаты

 

Құжаттарды тапсыру орны:

Халықаралық ынтымақтастық орталығы (115В кабинет)

 

Байланыс ақпараты:

Халықаралық ынтымақтастық орталығы, 115В кабинет

Телефон: +7 (7182) 67-36-85 (ішкі 1205)


Application Form.doc
Learning agreement.doc
Толығырақ
2025-11-04 00:00:00

Erasmus+ оқытушыларға!

 

Халықаралық ынтымақтастық орталығы 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде Кастилия-Ла-Манча университетінде дәріс оқу мақсатында Erasmus+ бағдарламасының Teaching Staff Mobility бағыты бойынша байқау жариялайды.

 

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ағылшын тілінде ұсыну қажет: CV ағылшын тілінде; ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификат (кемінде B1); факультет деканы және/немесе кафедра меңгерушісінің ұсыным хаты; дәрістер жоспары.

 

Іссапар мерзімі – 7 күн, оның ішінде 5 жұмыс күні және 2 демалыс күні.

 

Қатысуға өтінім 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қабылданады.

 

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық орталығына (115Б кабинет) немесе +7 (7182) 67-36-25 (ішкі 12-05) телефоны арқылы хабарласуға болады.

Толығырақ
2025-10-31 00:00:00

Құрметті студенттер!

 

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің студенттеріне арналған тағылымдама бағдарламасы

LOGO.E.V. (Германия)

 

LOGO.E.V. — ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық практикалық оқыту орталығы
(Landwirtschaft und Oekologisches Gleichgewicht mit Osteuropa (LOGO e.V.))
2026 жылы Германияда өтетін ауыл шаруашылығы тағылымдамасына студенттерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

 

Өтініш қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 20 қарашаға дейін

 

Конкурсқа қатысу талаптары:

Неміс тілін білу деңгейі: A1+ (сертификаттың болуы міндетті);

Академиялық үлгерім: "A", "A-", "B+", "B" немесе "B-" деңгейінде болуы қажет.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

Неміс тіліндегі мотивациялық хат және тіл білу туралы анықтама (A1+);

Тракторды немесе автокөлікті басқару құқығы (артықшылық ретінде қарастырылады);

Ағылшын тіліндегі транскрипт;

Паспорттың көшірмесі және PDF форматындағы сканы;

Факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты.

 

Құжаттар Халықаралық ынтымақтастық орталығына (115Б каб.) тапсырылады.

Байланыс:
Халықаралық ынтымақтастық орталығы (115Б каб.)
Телефон: +7 (7182) 67-36-85 (ішкі 1205)


26praktika-flyer-ru.docx
Толығырақ
2025-10-23 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone