Құрметті 3-5 курс студенттері! Сіз Президенттік стипендияны тағайындау үшін құжаттарды 2026 жылғы 15 қаңтарға дейін деканатқа тапсыруға мүмкіндігіңіз бар.
Стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде де, ақылы негізде де оқудың барлық кезеңінде "өте жақсы" (А, А-) бағасы бар 3-курстан бастап күндізгі оқу нысанының студенттеріне тағайындалады.
Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздарына немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторлары болып табылатын жеңімпаздарға;
2) ғылыми еңбектер жинақтарында, Республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары барларға;
3) жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындарға;
4) білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға.
ҚР Президенті бекіткен Стипендиялар конкурсына қатысу үшін ұсынылатын құжаттар Тізбесі
1. Өтініш
2. Әлеуметтік жағдайы көрсетілген факультет Кеңесінің ұсынысы (студентке мінездеме);
3. Транскрипт (оқудың барлық кезеңінде);
4. Жарияланымдар тізімі (авторлық куәліктер, баяндама тезистері, ғылыми және әдістемелік еңбектер) (бар болса);
5. Дипломдар, олимпиадалар, жарыстар, түрлі жарыстар және т. б. грамоталарының көшірмелері (бар болса);
6. Жеке куәлік көшірмесі
Ескертпе: дипломдар мен сертификаттарды қоспағанда, барлық құжаттар түпнұсқада беріледі.
«Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру Қағидалары» сәйкес оқу процесінде босатылған бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша бос білім беру гранттарын беруге өтініштерді онлайн-қабылдау жарияланады.
Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 05 қаңтар мен 13 қаңтар аралығында Студенттердің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін шарт негізінде білім алушылар мынадай құжаттарды тіркеуі қажет:
- Басқарма Төрағасы-ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- транскриптке өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі.
Босаған гранттар тізімі университет порталында, «студенттерге»-«босаған гранттар» бөлімінде орналастырылған (сілтеме: https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&id=9974).
Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін – А, А- («өте жақсы») - В+, В, В -, С+ бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады («жақсы»), бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.
Үміткерлердің өтініштері білім беру бағдарламаларының тобы, оқу курсы, оқу базасы (мектеп/колледж базасында) контекстінде қарастырылады.
Білім беру бағдарламалары тобына үміткерлер болмаған жағдайда бос білім беру гранттары оқу саласы бойынша және одан әрі білім беру саласы бойынша қайта бөлінеді.
Оқу барысында босатылған бос гранттарды беру туралы шешімді Университеттің Ғылыми кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №20-3-20-7/1428-И хатына сәйкес, Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымы (scientific publication «Zertteushі») «Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізілгенін хабарлаймыз. Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымының (scientific publication «Zertteushі») құрылтайшысы: «Zertteushі» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі. Осыған орай, халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымында (scientific publication «Zertteushі») жариялау үшін қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде:
- Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының, ізденуші-ғалымдардың ғылыми мақалаларын;
- ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025ж. № 32 бұйрығымен жаңа редакцияда бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» бойынша аттестаттаудан өткізілетін педагогтердің ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалаларын;
2 - Мектеп оқушылары мен жетекші-мұғалімдердің 9(8)-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына, «Зерде» зерттеу жобалары конкурсына, басқа да конкурстарға ұсынылған ғылыми жобаларын қабылдайтымызды хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізілген Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымының (scientific publication «Zertteushі») кезекті санында жариялау үшін жас ғалымдар мен олардың ғылыми жетекшілерінің ғылыми мақалаларын әр айдың 27-сіне дейін жолдауға болады.
Қосымшалар: 1. Мақалаға қойылатын талаптар (қазақ және орыс тілдерінде)
08.12.2025+Требования+к+научным+статьям.pdf
08.12.2025+Мақалаға+қойылатын+талаптар.pdf