reading-nation.kz
Назар аударыңыздар! Тіркелу міндетті!
Оқуды насихаттауға, оқырмандық мәдениетті арттыруға және өз бетінше кітап оқудың тұрақты дағдысын қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны басталды.
Марафон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.
Барлық білім алушылар ресми платформада міндетті түрде тіркелуі қажет: reading-nation.kz
Тіркелу мерзімі – 2026 жылғы 15 қыркүйекті қоса алғанда.
Қатысу шарттары, жүлде қоры және ұсынылатын әдебиеттер тізімі туралы толық ақпарат жобаның ресми платформасында орналастырылған.
Білім алушылардың белсенді қатысуы Торайғыров университеті мен Павлодар облысының рейтингтік көрсеткіштерін арттыруға ықпал етеді. Баршаңызды уақытылы тіркеліп, марафонға қатысуға шақырамыз!
Марафон «Читающая нация»,.docx
Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, «New Vision Team» қоғамдық қоры дәстүрлі «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық сыйлығына арналған байқауды өткізеді.
Байқауға Павлодар облысында тұратын, 14 пен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 500 000 теңге көлеміндегі сыйлық түрлі қызмет салаларында елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, өңір мен қоғамның дамуына үлес қосқан жастарға табысталады.
Қатысушылар келесі номинациялар бойынша бағаланады:
- Білім беру
- Спорт
- Мәдениет
- Қоғамдық қызмет
- Журналистика
- Өндіріс қызметкері
- Волонтерлік қызмет
- Цифрландыру және технологиялар
- Ерлігі үшін
- Медицина
Әр номинация бойынша екі жеңімпаз анықталады.
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- қатысуға өтінім;
- жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
- өмірбаян;
- мінездеме;
- қатысушының соңғы үш жылдағы жетістіктерін растайтын құжаттар (дипломдар, грамоталар, сертификаттар және басқа да материалдар).
Әрбір қатысушы тек бір номинация бойынша ұсыныла алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін.
Құжаттар Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38-үй, 104-кабинет мекенжайында дүйсенбі-жұма күндері 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс — 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 771 643 43 38 телефонына хабарласуға болады.
Прил 2 ЗАЯВКА.docx
Прил 1 ПЕРЕЧЕНЬ ДОК-ОВ.docx
Положение ТУ - 2026 рус.pdf