Құрметті оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және оқу әдебиетінің авторлары!
EDP HUB Publishing сіздерді онлайн-дәрістер сериясына шақырады:
«ЗАМАНАУИ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУ: ИДЕЯДАН ЖАРИЯЛАУҒА ДЕЙІН»
Бұл курс барысында сіздер өз білімдеріңізді жүйелеп, қазіргі талаптарға сай, сұранысқа ие оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауға қажетті практикалық дағдыларды меңгересіздер.
9.12.2025 – 15:00. 1-дәріс. Оқу әдебиеті: негізгі ұғымдар, болашақ басылым тақырыбын таңдау, тұжырымдама мен құрылымды әзірлеу.
Тіркелу: https://edp-hub.kz/cursus-educational-litterae
11.12.2025 – 15:00. 2-дәріс. Оқу басылымының мәтінін жазу және рәсімдеу. ЖИ пайдалану.
Тіркелу: https://edp-hub.kz/cursus-scribens-textum
17.12.2025 – 15:00. 3-дәріс. Қолжазбадан басылымға дейін: авторлық құқық және баспашылық үдерістері (ISBN, DOI, РИНЦ, редактура).
Тіркелу: https://edp-hub.kz/cursus-de-manuscripto-vaticano
Спикер: Қазақстан Республикасындағы EDP HUB баспасының авторлармен жұмыс жөніндегі бас маманы, Гүлжауар Бикжанова
Барлық дәрістерге қатысқан тыңдаушыларға бағдарламаны толық аяқтағаны туралы сертификат беріледі.
Құрметті зерттеушілер, оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар!
3 және 4 желтоқсан күндері сағат 16:00-де Қазақстандық ғалымдар үшін Elsevier компаниясының қорытынды вебинарлары өтеді.
Талқыланатын сұрақтар: Scopus-та журналдарды қалай таңдау керек? Қалай тегін жариялануға болады? Scopus-та қажетті мақалаларды қалай табу және таңдау керек? Мақаланың түрлі кезеңдердегі маңыздылығын қалай бағалауға болады? Жоғары рейтингті басылымдарда қалай жариялануға болады? Алаяқтықтан қалай сақтану керек? Сұрақтар, жауаптар, пікірталас.
3 желтоқсан, 16:00: Scopus бойынша практикалық семинар
4 желтоқсан, 16:00: Scopus бойынша қорытынды семинар
Вебинарлар орыс тілінде өтеді. Қатысушылар сертификаттар ала алады.
Ағылшын тіліндегі алдағы және жазылған вебинарлар туралы толығырақ: https://www.elsevier.com/hubs/emea-learning-centre
Зерттеушілердің бүкіл ғылыми қызмет циклын қамтитын онлайн курс жинағы: https://researcheracademy.elsevier.com/
Құрметті студенттер!
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің студенттеріне арналған шетелдік тағылымдама бағдарламасы
LOGO.E.V. (Германия)
LOGO.E.V. — ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық практикалық оқыту орталығы (Landwirtschaft und Oekologisches Gleichgewicht mit Osteuropa (LOGO e.V.)) 2026 жылы Германияда өтетін ауыл шаруашылығы тағылымдамасына студенттерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Өтініш қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 25 желтоқсанға дейін
Конкурсқа қатысу талаптары:
Неміс тілін білу деңгейі: A1+ (сертификаттың болуы);
Академиялық үлгерім (транскрипт).
Қажетті құжаттар тізімі:
Неміс тіліндегі мотивациялық хат және тіл білу туралы анықтама (A1+);
Тракторды немесе автокөлікті басқару құқығы (артықшылық ретінде қарастырылады);
Ағылшын тіліндегі транскрипт;
Паспорттың көшірмесі және PDF форматындағы сканы;
Факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты.
Құжаттар Халықаралық ынтымақтастық орталығына (115Б каб.) тапсырылады.
Байланыс:
Халықаралық ынтымақтастық орталығы (115Б каб.)
Телефон: +7 (7182) 67-36-85 (ішкі 1205)
533.docx