Магистранттарды, докторанттарды, ғылыми қызметкерлерді, зерттеушілерді, сондай-ақ басшыларды алдағы CNKI халықаралық онлайн-вебинарына қатысуға шақырамыз.
Вебинар аясында қатысушылар CNKI платформасындағы қытайлық ғылыми және академиялық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктерімен танысып, ғылыми-зерттеу қызметінде қолданылатын заманауи жасанды интеллект құралдары туралы ақпарат алады. Сонымен қатар, сарапшылармен өтетін арнайы сұрақ-жауап сессиясы барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады.
Күні: 2026 жылғы 18 қараша
Уақыты: 16:00–17:00 (UTC+8)
Толық ақпарат және тіркелу: lnkd.in/p/gJeMtCnZ
Құрметті студенттер!
Қазақстан университеттерінде 2026-2027 оқу жылының көктемгі семестрінде (грантта және шарт бойынша білім алушылар үшін) тегін негізде оқу үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады.
Іріктеудің негізгі критерийі: GPA ≥ 2.7 - Қазақстан университеттері үшін.
Құжаттар тізімі:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) жоғары оқу орнының мөрімен расталған академиялық үлгерімі бар Транскрипт (ЦОС-қа тапсырыс беру);
3) кафедра меңгерушісі мен деканның ұсыныс хаты;
4) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама және флюорография;
5) 3х4 фотосуреттер (4 дана);
6) өтініш және келісім (біз сізге жіберетін үлгі бойынша).
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2026 жылдың 30 қарашасы.
Академиялық қызмет департаменті бағдарламасының үйлестірушісі - Дарья Александровна, 112-кабинет.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (Бұдан әрі – Министрлік) «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің https://scicontest2026.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде қабылданады.
Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035570) келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;
2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;
3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар және (немесе) шолулар, отандық және шетелдік журналдарда жарияланған монографиялар, оның ішінде монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);
5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;
6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;
7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
Ғылыми жетістіктерін бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері
Жауапты тұлға – Рахымжанов Сырым Аманғазыұлы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің бас сарапшысы, тел.: 8(7172) 74-23-89.
f5ab12316ac4bf8c5aebfbca11364d410b1218453e02b2ed3cc13b1efda5ec7e_original.7304299.pdf
f5ab12316ac4bf8c5aebfbca11364d410b1218453e02b2ed3cc13b1efda5ec7e_original.7304299.pdf