Анонстар мен іс-шаралар

Elsevier компаниясының 2026 жылғы қараша айындағы вебинарлары

Құрметті оқытушылар, аспиранттар, докторанттар және магистранттар!

Сіздерді алдағы вебинарларға қатысуға шақырамыз:

3 қараша, сейсенбі, сағат 16:00 – Scopus жүйесінде журналдарды іздеу және таңдау
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_aE6c9xqtToe2Po34YD2HUA#/registration

4 қараша, сәрсенбі, сағат 16:00 – Ғылыми идеядан жаңа мүмкіндіктерге дейін: LeapSpace әлеуетін ашу
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_2RetsJd2Qzi5JblvMyJGDA#/registration

11 қараша, сәрсенбі, сағат 16:00 – Scopus вебинары: ғылыми ынтымақтастық, менторлар, авторлық профильдер және метрикалар
https://events.teams.microsoft.com/event/a5380e1d-84b9-49ff-8802-a53ffbb0ee65@9274ee3f-9425-4109-a27f-9fb15c10675d?source=copyLinkOneEventsShareDialog

17 қараша, сейсенбі, сағат 16:00 – Scopus бойынша практикалық вебинар және қатысушылардың сұрақтарын талқылау
https://events.teams.microsoft.com/event/50b8f9b0-c6ee-4d06-a562-3e42f51fc993@9274ee3f-9425-4109-a27f-9fb15c10675d?source=copyLinkOneEventsShareDialog

Маңызды! LeapSpace платформасын тестілеу нәтижелері бойынша сауалнамадан өтулеріңізді сұраймыз!
https://nam11.safelinks.protection.outlook.com/?url=https%3A%2F%2Fforms.cloud.microsoft%2Fr%2FiYw1rkiHu3&data=05%7C02%7CY.Solay%40Elsevier.Com%7C1c5fe3954e4d477546e908df2f708194%7C9274ee3f94254109a27f9fb15c10675d%7C0%7C0%7C639281832406054576%7CUnknown%7CTWFpbGZsb3d8eyJFbXB0eU1hcGkiOnRydWUsIlYiOiIwLjAuMDAwMCIsIlAiOiJXaW4zMiIsIkFOIjoiTWFpbCIsIldUIjoyfQ%3D%3D%7C0%7C%7C%7C&sdata=4S%2FnGPAjk8%2B55RcnEXs%2Fp6vZ2Z5qQ4%2FsMyejSC%2FlzwU%3D&reserved=0

Тіркелу және вебинарлар бағдарламасы атауындағы сілтеме арқылы қолжетімді. Қатысушыларға сертификаттар берілуі мүмкін.

Қосымша материалдар:
https://bit.ly/els_webinars_ru
https://view.highspot.com/viewer/56eb2051a106e3fae31512495c75ed4f

Толығырақ
2026-11-02 00:00:00

Құрметті магистранттар!

2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде Тадеуш Костюшко атындағы Краков политехникалық университетінде (Польша) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға өтінімдер қабылданады. Бағдарламаға мемлекеттік білім беру гранты және ақылы негізде білім алатын магистранттар келесі бағыттар бойынша қатыса алады:

1. Сәулет факультеті;

2. Информатика және математика факультеті;

3. Химиялық инженерия және технология факультеті;

4. Құрылыс инженериясы факультеті;

5. Электротехника және компьютерлік инженерия факультеті;

6. Экологиялық инженерия және энергетика факультеті;

7. Материалтану және физика факультеті;

8. Машина жасау факультеті.

Қатысу шарттары: қабылдаушы университетте оқу тегін негізде жүзеге асырылады. Әуе билеті, тұру, тамақтану, виза рәсімдеу, медициналық сақтандыру және басқа да ілеспе шығындарды білім алушы өз қаражаты есебінен төлейді.

Іріктеудің негізгі талаптары: - бүкіл оқу кезеңіндегі жоғары академиялық үлгерім; - GPA көрсеткіші 3,0-ден төмен болмауы; - ағылшын тілін кемінде B2 деңгейінде меңгеру; - IELTS немесе TOEFL сертификатының болуы.

Құжаттарды қабылдау орны: Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 115B кабинеті.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш пен келісім — екі данада.

2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі.

3. Университет мөрімен расталған академиялық үлгерім транскрипті (Тіркеуші кеңсесіне тапсырыс беру қажет).

4. Шетелге шығушыларға арналған № 075 нысанындағы медициналық анықтама және флюорография нәтижесі.

5. 3 × 4 см көлеміндегі фотосурет — 4 дана.

6. Кафедра меңгерушісі мен факультет деканының ұсыным хаттары.

7. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (IELTS немесе TOEFL).

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 31 қазан қоса алғанда.

Байланыс ақпараты: Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 115B кабинеті

Телефон: +7 (7182) 67-36-85, ішкі нөмірі: 12-05; +7 707 886 15 45

Электрондық пошта: cam@tou.edu.kz

ХЫДБ үйлестірушісі: Жібек Абайқызы.


Соглашение на обучение.docx
Заявление обучающегося.docx
Толығырақ
2026-10-28 00:00:00

❗️❗️❗️ Құрметті әріптестер!

Қазақстан үшін Elsevier компаниясының LeapSpace AI платформасына тестілік қолжетімділік ашылғанын қуана хабарлаймыз.

LeapSpace – ғылыми ақпаратпен жұмыс істеуге және зерттеу міндеттерін шешуге арналған жасанды интеллект платформасы. Платформа ЖИ көмегімен ғылыми әдебиеттерді іздеуге және талдауға, жарияланымдар мен ғылыми тәсілдерді салыстыруға, негізгі қорытындылар мен зерттелмеген бағыттарды анықтауға, сондай-ақ ақпаратты бастапқы дереккөздер арқылы тексеруге мүмкіндік береді.
(www.elsevier.com)

Тестілік кезең: 2026 жылғы 7 қазаннан 7 қарашаға дейін.

Платформаға қолжетімділік: https://www.sciencedirect.com/leapspace/

Кіру үшін Elsevier/ScienceDirect жүйесіндегі пайдаланушы аты мен құпиясөзді пайдалану қажет.
Тестілік кезең барысында платформаның мүмкіндіктерімен танысып, оның функционалын сынап көре аласыздар.

Толығырақ
2026-10-07 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone