Құрметті зерттеушілер, оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар!
3 және 4 желтоқсан күндері сағат 16:00-де Қазақстандық ғалымдар үшін Elsevier компаниясының қорытынды вебинарлары өтеді.
Талқыланатын сұрақтар: Scopus-та журналдарды қалай таңдау керек? Қалай тегін жариялануға болады? Scopus-та қажетті мақалаларды қалай табу және таңдау керек? Мақаланың түрлі кезеңдердегі маңыздылығын қалай бағалауға болады? Жоғары рейтингті басылымдарда қалай жариялануға болады? Алаяқтықтан қалай сақтану керек? Сұрақтар, жауаптар, пікірталас.
3 желтоқсан, 16:00: Scopus бойынша практикалық семинар
4 желтоқсан, 16:00: Scopus бойынша қорытынды семинар
Вебинарлар орыс тілінде өтеді. Қатысушылар сертификаттар ала алады.
Ағылшын тіліндегі алдағы және жазылған вебинарлар туралы толығырақ: https://www.elsevier.com/hubs/emea-learning-centre
Зерттеушілердің бүкіл ғылыми қызмет циклын қамтитын онлайн курс жинағы: https://researcheracademy.elsevier.com/
Құрметті студенттер!
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің студенттеріне арналған шетелдік тағылымдама бағдарламасы
LOGO.E.V. (Германия)
LOGO.E.V. — ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық практикалық оқыту орталығы (Landwirtschaft und Oekologisches Gleichgewicht mit Osteuropa (LOGO e.V.)) 2026 жылы Германияда өтетін ауыл шаруашылығы тағылымдамасына студенттерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Өтініш қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 25 желтоқсанға дейін
Конкурсқа қатысу талаптары:
Неміс тілін білу деңгейі: A1+ (сертификаттың болуы);
Академиялық үлгерім (транскрипт).
Қажетті құжаттар тізімі:
Неміс тіліндегі мотивациялық хат және тіл білу туралы анықтама (A1+);
Тракторды немесе автокөлікті басқару құқығы (артықшылық ретінде қарастырылады);
Ағылшын тіліндегі транскрипт;
Паспорттың көшірмесі және PDF форматындағы сканы;
Факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты.
Құжаттар Халықаралық ынтымақтастық орталығына (115Б каб.) тапсырылады.
Байланыс:
Халықаралық ынтымақтастық орталығы (115Б каб.)
Телефон: +7 (7182) 67-36-85 (ішкі 1205)
533.docx
Құрметті студенттер!
2–3 курс студенттері арасында Индонезиядағы Universitas Multimedia Nusantara (UMN) университетінде 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін іріктеу жарияланады.
Оқу мерзімі: 2026 жылғы 2 ақпан – 13 шілде
Оқу ақысы: тегін
Жатақханада тұру құны: айына 115–160 АҚШ доллары
Қосымша ақпаратты тіркелген буклеттен табуға болады.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі:
2025 жылғы 17 қараша
Қажетті құжаттар:
1. Өтініш (Application Form – 1)
2. Таңдалған пәндерімен Learning Agreement
3. Оқу кезеңі бойынша транскрипт (ағылшын тілінде)
4. Паспорттың көшірмесі және сканы (PDF, ағылшын тілінде)
5. Факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің ұсыным хаттары
6. Түйіндеме (CV) – ағылшын тілінде
7. Мотивациялық хат – ағылшын тілінде
8. Ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификат (B1 / B2)
9. Паспорт өлшеміндегі 2 фото
Құжаттарды тапсыру орны: Халықаралық ынтымақтастық орталығы (ХЫО)
Кабинет: 115В
Байланыс:
Тел.: +7 (7182) 67-36-85 (ішкі 1205)
[FINAL] UMN Student Exchange Program 2026.pdf
Application Form.doc
Learning agreement.doc