Университет жылда «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жүрген, қазіргі таңда дәстүрге айналып кеткен тарихи орындарға саяхаты аяқталады. Бағдарламаның бір бөлігінің мақсаты – жатарды этникалық және мәдени құндылықтармен таныстыру.
Өз туған жерінің тарихымен кітап арқылы ғана емес, тарихи ескерткіштерді өз көздерімен көріп, таныс болып, аты аңызға айналған адамдармен таныс болады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін алғашқы қадамдар жасалды. «Өлкетану- 2005», «Өлкетану-2006», «Өлкетану-2007» бұдан бұрынғы жылдарда ұйымдастырылған экспедицияларға оқу озаттары қатысты, олар Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Шымкент, Алматы өлкелеріндегі қасиетті жерлерді аралады.
Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, Айша бибі, Есімхан, Жамбыл мазарларын аралады. 2008 жылы 30 шілдесінен 3 тамызына дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ «Өлкетану - 2008» экспедициясын ұйымдастырды, оған университеттің алдыңғы қатарлы студенттері қатысты.
Бағдарламаға өлкетану маңындағы тастарда таңбаланған суреттерді, орта ғасырдағы этно-археологиялық, Ақкөл-Жайылма кешенін, Екібастұз «Богатырь» көмір разрезін, Баянауыл ұлттық асябақты тамашалау, одан кейін Жасыбай көлінің жағасында демалумен, саяхатты тамамдадық.
Таулы, бұрылыстары көп, ұзақ және трасса бойындағы біркелкі жол мен ыстық күн де балаларды қажытпады. Олардың жол жамылған көлдер, жаңа таныстар, олардың күнге күйген жүздерінен балалардың есінде Ақкөл Жайылма этно-археологиялық кешенінен алған әсерлері ерекше болды. Кешен Өлеңті мен Шідерті өзендерінің аралығын алып жатыр. Бұл жерлер мал ұстауға қолайлы. Ақкөл мен Жаманкөлдің жиегіне қамыс өскен, ол ара әсіресе мал қыстауға қолайлы.
Балалар Ақкөл маңындағы Қаражар ауылына барды, ол композитор Естай ақынның кіші Отаны. Экспедицияға қатысушылар тұрғылықты адамдардың тұрмысымен, әдет-ғұрпымен танысты. Ауыл адамдары ағаштан жасалған құрал-жабдықтарды, балық аулауға арналған құралды сақтаған екен. Ауыл адамдары аңшылықтан, балық аулаудантүскен құс еттерімен, балықпен тамақтанатынын көрді. Ауыл ақсақалдары бұл жерлерде аң, құс, балыққа бай және олардың түрлерінің де көп өлке екенін айта келе, XX ғасырдың 30 жылдары, аштық кезінде, Ақкөл Жайылма осы өлкенің халқын аң, құс, балықтың молдығынан аштықтан аман алып қалғанын әңгімеледі. Ауыл ақсақалдары балаларға қалмықтар мен қырғыздар арасындағы соғыстар жайлы да көп тарихи әңгімелер шертті. Экспедция туған өлкенің тарихын білуге мүмкіндік жасады, туған жердің қадірлі азаматтарымен танысу олардың танымын молайтты, әр мәдени ескерткіштер мен мұражайлар жайлы профессорлар мен доценттер әңгіме, дәрістер оқыды.