Анонстар мен іс-шаралар

Құрметті студенттер!

2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде ТМД елдерінің — Қырғызстан, Әзербайжан және Өзбекстанның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға өтінімдер қабылданады. Конкурсқа мемлекеттік білім беру гранты және ақылы негізде білім алатын бакалавриаттың 1 және 3-курс студенттері, сондай-ақ магистранттар қатыса алады.

Қабылдаушы университетте білім алу тегін негізде жүзеге асырылады. Жол жүру, тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру және қажетті құжаттарды рәсімдеу шығындарын білім алушылар өз қаражаты есебінен төлейді.

Іріктеудің негізгі критерийлері:

• барлық оқу кезеңіндегі жоғары академиялық үлгерім (GPA көрсеткіші 2,7-ден төмен болмауы тиіс);

• шет тілін білу талап етілмейді.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш және келісім — 2 дана.

2. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі.

3. Университет мөрімен расталған академиялық үлгерім туралы транскрипт (Студенттерге қызмет көрсету орталығынан тапсырыс беріледі).

4. № 075 нысанындағы медициналық анықтама және флюорография қорытындысы.

5. 3 × 4 см көлеміндегі фотосурет — 4 дана.

6. Кафедра меңгерушісі мен факультет деканының ұсыным хаты.

7. Студенттің шетелде білім алуына ата-анасының келісімі туралы өтініш.

ТМД елдеріндегі серіктес университеттер тізімі

Әзербайжан

1. Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университеті

Ресми сайты: https://asoiu.edu.az/

2. Баку славян университеті

Ресми сайты: https://bsu-uni.edu.az/

3. Әзербайжан тілдер университеті

Ресми сайты: https://adu.edu.az/ru

4. Әзербайжан техникалық университеті

Ресми сайты: https://www.aztu.edu.az/

5. Әзербайжан сәулет және құрылыс университеті

Ресми сайты: https://www.azmiu.edu.az/ru

6. Әзербайжан мемлекеттік экономика университеті (UNEC)

Ресми сайты: https://unec.edu.az/ru/

7. Сумгаит мемлекеттік университеті

Ресми сайты: https://sdu.edu.az/en

Өзбекстан

1. Ташкент мемлекеттік көлік университеті

Ресми сайты: https://tstu.uz/ru/

2. Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті

Ресми сайты: https://www.samdu.uz/ru

3. Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті

Ресми сайты: https://tdtu.uz/

Қырғызстан

1. И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті

Ресми сайты: https://kstu.kg/

2. И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті

Ресми сайты: https://arabaevksu.edu.kg/ru

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 25 қараша.

Құжаттар Халықаралық ынтымақтастық департаментінде, 115В кабинетте қабылданады.

Байланыс ақпараты: тел.: +7 (7182) 67-36-85, ішкі нөмірі 12-05;

e-mail: cam@tou.edu.kz.

Бағдарлама үйлестірушілері: Жібек Абайқызы, Аружан Қайратқызы.


Соглашение на обучение.docx
Заявление обучающегося.docx
Список университетов.docx
Толығырақ
2026-11-03 00:00:00

Elsevier компаниясының 2026 жылғы қараша айындағы вебинарлары

Құрметті оқытушылар, аспиранттар, докторанттар және магистранттар!

Сіздерді алдағы вебинарларға қатысуға шақырамыз:

3 қараша, сейсенбі, сағат 16:00 – Scopus жүйесінде журналдарды іздеу және таңдау
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_aE6c9xqtToe2Po34YD2HUA#/registration

4 қараша, сәрсенбі, сағат 16:00 – Ғылыми идеядан жаңа мүмкіндіктерге дейін: LeapSpace әлеуетін ашу
https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_2RetsJd2Qzi5JblvMyJGDA#/registration

11 қараша, сәрсенбі, сағат 16:00 – Scopus вебинары: ғылыми ынтымақтастық, менторлар, авторлық профильдер және метрикалар
https://events.teams.microsoft.com/event/a5380e1d-84b9-49ff-8802-a53ffbb0ee65@9274ee3f-9425-4109-a27f-9fb15c10675d?source=copyLinkOneEventsShareDialog

17 қараша, сейсенбі, сағат 16:00 – Scopus бойынша практикалық вебинар және қатысушылардың сұрақтарын талқылау
https://events.teams.microsoft.com/event/50b8f9b0-c6ee-4d06-a562-3e42f51fc993@9274ee3f-9425-4109-a27f-9fb15c10675d?source=copyLinkOneEventsShareDialog

Маңызды! LeapSpace платформасын тестілеу нәтижелері бойынша сауалнамадан өтулеріңізді сұраймыз!
https://nam11.safelinks.protection.outlook.com/?url=https%3A%2F%2Fforms.cloud.microsoft%2Fr%2FiYw1rkiHu3&data=05%7C02%7CY.Solay%40Elsevier.Com%7C1c5fe3954e4d477546e908df2f708194%7C9274ee3f94254109a27f9fb15c10675d%7C0%7C0%7C639281832406054576%7CUnknown%7CTWFpbGZsb3d8eyJFbXB0eU1hcGkiOnRydWUsIlYiOiIwLjAuMDAwMCIsIlAiOiJXaW4zMiIsIkFOIjoiTWFpbCIsIldUIjoyfQ%3D%3D%7C0%7C%7C%7C&sdata=4S%2FnGPAjk8%2B55RcnEXs%2Fp6vZ2Z5qQ4%2FsMyejSC%2FlzwU%3D&reserved=0

Тіркелу және вебинарлар бағдарламасы атауындағы сілтеме арқылы қолжетімді. Қатысушыларға сертификаттар берілуі мүмкін.

Қосымша материалдар:
https://bit.ly/els_webinars_ru
https://view.highspot.com/viewer/56eb2051a106e3fae31512495c75ed4f

Толығырақ
2026-11-02 00:00:00

Құрметті магистранттар!

2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде Тадеуш Костюшко атындағы Краков политехникалық университетінде (Польша) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға өтінімдер қабылданады. Бағдарламаға мемлекеттік білім беру гранты және ақылы негізде білім алатын магистранттар келесі бағыттар бойынша қатыса алады:

1. Сәулет факультеті;

2. Информатика және математика факультеті;

3. Химиялық инженерия және технология факультеті;

4. Құрылыс инженериясы факультеті;

5. Электротехника және компьютерлік инженерия факультеті;

6. Экологиялық инженерия және энергетика факультеті;

7. Материалтану және физика факультеті;

8. Машина жасау факультеті.

Қатысу шарттары: қабылдаушы университетте оқу тегін негізде жүзеге асырылады. Әуе билеті, тұру, тамақтану, виза рәсімдеу, медициналық сақтандыру және басқа да ілеспе шығындарды білім алушы өз қаражаты есебінен төлейді.

Іріктеудің негізгі талаптары: - бүкіл оқу кезеңіндегі жоғары академиялық үлгерім; - GPA көрсеткіші 3,0-ден төмен болмауы; - ағылшын тілін кемінде B2 деңгейінде меңгеру; - IELTS немесе TOEFL сертификатының болуы.

Құжаттарды қабылдау орны: Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 115B кабинеті.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш пен келісім — екі данада.

2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі.

3. Университет мөрімен расталған академиялық үлгерім транскрипті (Тіркеуші кеңсесіне тапсырыс беру қажет).

4. Шетелге шығушыларға арналған № 075 нысанындағы медициналық анықтама және флюорография нәтижесі.

5. 3 × 4 см көлеміндегі фотосурет — 4 дана.

6. Кафедра меңгерушісі мен факультет деканының ұсыным хаттары.

7. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (IELTS немесе TOEFL).

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 31 қазан қоса алғанда.

Байланыс ақпараты: Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 115B кабинеті

Телефон: +7 (7182) 67-36-85, ішкі нөмірі: 12-05; +7 707 886 15 45

Электрондық пошта: cam@tou.edu.kz

ХЫДБ үйлестірушісі: Жібек Абайқызы.


Соглашение на обучение.docx
Заявление обучающегося.docx
Толығырақ
2026-10-28 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone