Профессор-оқытушы құрам

Бүгінгі таңда кафедрада 16 оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 2 профессор, 8 ғылым кандидаты, доценты, 6 магистр. Кафедра меңгерушісі физика — математика ғылымдарының кандидаты – Жукенов М.Қ.

Зерттеушілік жұмысқа қабілеттерін көрсеткен студенттерде, әрі қарай магистратурада оқуды жалғастыру, ғылыми дәрежелерге диссертацияларды қорғауға мүмкіндіктері бар. Қазіргі уақытта кафедрада 26 магистр дайындалды. Олардың 10 ПМУ-де, ал 3 ПМПИ-де жұмыс істейді. Сонымен қоса магистратурада "Физика" және "Аспап жасау" мамандықтары бойынша — 8 магистрант оқып жатыр.

Материалды-техникалық база

Кафедра, физика курсының барлық бөлімдері бойынша, жақсы жабдықталған арнайы оқу зертханаларына ие. Зертханалық жабдықтауды жаңарту және қайта жабдықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі.

Қазіргі кездегі талаптарға сай кафедрада физикалық процестерді компьютерлік нобайлау зертханалары (виртуалды зертханалар) жасалынды.

Бұл мамандық бойынша түлектер келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:

“Физика”, мамандығы бойынша физика саласында кәсіптік негізгі жоғары білімді бітіруші өндірістік-технологиялық процестерді, жалпы орта, бастапқы және орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі білімдік мекемелерінде оқу-тәрбиелік процестерді, институттар мен лабораторияларда ғылыми зерттеу жұмысын және фирмалар мен компанияларда өндірістік — басқарушылық процестерін қамтамасыз ету үшін өндірістер мен бірлестіктерде жұмыс істеуге дайындалған, сонымен қатар, ол жалпы орта және арнайы орта білім оқу орындарында физика оқытушысы, аға лаборант, І, ІІ және жоғары категория маманы қызмет түрлерін орындай алады.

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедра қызметкерлері ұстаздық қызметпен қатар, физиканың және физиканы оқыту әдістемесінің түрлі салаларында ғылыми зерттеулер өткізіп жатыр. Доцент Н.А. Испулов жетекшілігімен физика бойынша ғылыми семинар жұмыс істейді.

Физика кафедрасы қала және облыс оқу мекемелерімен тығыз байланыста, физика бойынша олимпиадаларды дайындауда және өткізуде қатысады.

Студенттер — физиктер командасы 2002 жылы Республикалық студенттік олимпиадада физика бойынша — екінші орынға және информатика бойынша — бірінші орынға, 2003 жылы — физика бойынша бірінші орынға ие болды.

Физика пәні бойынша Республикалық олимпиада 2004 жылы С. Торайгыров атындағы ПМУ-де өткізілді. 2007 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-де өткен физикалық аймақтық студенттік олимпиадада біздің факультет студенттері бірінші орынды иеленді.

- Университет және кафедраның беделі түлектердің өз мамандығы бойынша жақсы жұмысқа орналасуына ықпал етеді.

 

- Біздің университетіміздің сапа менеджмент жүйесі ICO 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкес, ол біздің аймақта 2006 жылдың 23 қаңтарында алғаш берілген IQNet №06, 022, 026 сертификатымен бекітілген.

 

- Құрметті талапкерлер, біздің мамандықта талапты студенттер де, білімді оқытушылар да бар!

Пошта мекен-жайы: Павлодар қ., Ломов к-сі, 64, С. Торайғыров атындағы ПМУ, 313 ауд.

E-mail: fizmat@psu.pvl.kz

Қабылдау комиссиясы (8-7182) 673773 каб. 132а

Физика және аспап жасау кафедрасы (8-7182) 673626

Дайындық курсы (8-7182) 673650

 

 

Физика және аспап жасау кафедрасы келесі мамандық бойынша жоғары білікті мамандарды даярлайды:

5В060400 – «Физика»

Білім беру бағдарламасы

Бізге түсуге болады: орта жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тест нәтижелері бойынша.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл.

Мемлекеттік грант немесе келісім шартпен оқығандарға жеңілдіктер қарастырылады.

Түлектер физика бакалавры академиялық дәрежесін алады.

Бұл мамандандырудың түлектері физикамен қатар, ғылыми және практикалық жұмысқа қажет деңгейде шетел тілін меңгереді.

 

6М060400 – «Физика»

Оқу мерзімі: 1.5-2 жыл (күндізгі оқу негізінде).

Магистратураның түлектеріне «физика магистрі» квалификациясы беріледі.

Физика саласында жоғары кәсіптік білімді бітіруші (магистр) институттар мен лабораторияларда ғылыми-зерттеу жұмысын және жалпы орта, бастапқы және орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мекемлеріндегі оқу-тәрбиелік процесстерді, өндірстер мен бірлестіктерде өндірістік-технологиялық процесстерді қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге дайындалған.

 

Кафедра төмендегі мамандықтары бойынша бакалавр және магистрлерді дайындайды:

5В071600 - Аспап жасау

Білім беру бағдарламасы

Бізге түсуге болады:

*орта жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тест нәтижелері бойынша.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл.

* берілген бағыт бойынша білім алған орта кәсіби оқу орындарының (колледж) түлектеріне.

Оқу мерзімі: 3 жыл және одан жоғары.

* жоғары оқу орындарының түлектеріне.

Оқу мерзімі: 2 жыл және одан жоғары.

Мемлекеттік грант немесе келісім шартпен оқығандарға жеңілдіктер қарастырылады.

Түлектер аспап жасаудың бакалавры академиялық дәрежесін алады.

 

 

 

 

6М071600 - Аспап жасау

Магистрдің оқу мерзімі: 1,5 - 2 жыл (күндізгі оқу негізінде).

Магистратураны бітірген түлек аспап жасаудың магистрі біліктілігін алады.

Қауіпсіздік, әртүрлі объектілердің диагностикасымен байланысты өнімнің сапасы басты мәселелер болып табылады. Осы мәселелерді шешудің жолдарының бірі – бұзбай бақылау мен диагностика құралдары мен әдістерін өңдеу және өндіріске ендіру.

Қазіргі уақытта медициналық, техногендік, криминалистикалық және экологиялық төрт ірі диагностикалық бағыттар дамуда.

♦ Барлық Қ.Б. және диагностикалық бағыттар ішінде бүкіл әлемде сату көлемі бойынша бірінші орында медициналық диагностика.

♦ Қазіргі уақытта қолдануы бойында 2-ші орында, бақылаудың 100-ден аса физикалық тәсілдерін пайдаланылатын техногендік диагностика әдістері мен жабықтары.

Техникалық диагностика энергетиканың, машина жасаудың, сондай-ақ қорғау, ядролық, биологиялық, химиялық, космостың, мұнай-газ өндеу (өндіру) және т.б. объектілердің күрделі техникалық жүйелерінің қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін керек.

Криминалистикалық және әскери диагностика даму үстінде. Қару, жарылғыш заттар, наркотиктер, радиактивті сәулеленудің көздерін, көптеген жалған документтерді мен банкноттарды тауып алу, территория күзеті, белгілі бір адамды бақылау және т.б. бүкіл әлемнің басты мәселелері болып кетті.

Экологиялық диагностика - бұл жер қыртысын, су ортасын, атмосфераны, космосты кеңістікті, технологиялық үрдісті, авария және катастрофа нәтижелерін және т.б. диагностикалау.

Оқу бағдарламасына байланысты “Аспап жасау” мамандығы негізінде түлектердің кәсіби іс-әрекеті келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

● Заттар мен бұйымдарды талдау мен бақылаудың физикалық әдістер мен құралдары;

● Биотехникалық және медициналық аспаптар мен жүйелер;

● Ақпараттық-өлшеуіштік техника және технология;

● Аспап жасау, автоматтау жүйелерінің аспаптарын жөндеу;

● Авиациялық аспаптар мен өлшеуіштік-есептегіштік кешендер;

● Электрондық жүйелер мен технологиялар;

● Электрондық машина жасау;

● Мехатроника және робототехника.

Осы мамандықтың түлектері жұмыстардың келесі түрлерімен айналыса алады:

Ғылыми-зерттеушілік: заттар мен бұйымдарды бақылаудың және талдаудың физикалық әдістерін өңдеу мен зерттеу;

Проекті-конструкциялық: құрал дарды, жүйелерді, кешендерді жобалау, бағдарламалық қамсыздандыру және ақпаратты-өлшеуіш технологияларды өңдеу;

Өндірісті технологиялық: заттар мен бұйымдарды бақылау және талдау қуралдары мен жүйелерін өндірістік үрдісте күту мен пайдалану; аналитикалық мәселелерді шешуде, сонымен қатар технологиялық үрдістерді басқаруда қазіргі заман физикалық әдістері мен құралдарды заттарды шапшаң бақылау мен талдауға еңгізу.

 

5В060300 - «Механика»

Білім беру бағдарламасы

Бізге түсуге болады:

*орта жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тест нәтижелері бойынша.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл;

Мемлекеттік грант немесе келісім-шартпен оқығандарға жеңілдіктер қарастырылады.

Түлектер механика бакалавры академиялық дәрежесін алады.

Түлектердің кәсіби қызмет саласы болып:

- механика және техникалық ғылым салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару;

- ғылыми-өндірістік және өндірістік мекемелерде инженерлік жұмыстарды атқару

 

Бұл мамандықпен жұмысқа орналасу қиын болмайды!!!

Қазіргі уақытта заттарды бақылау мен талдаудың әдістері мен құралдарын өңдеу мақсатында жұмыс жасайтын орындарда оларға сұраным көп. Олар өндірістіқ кәсіпорындарда (орталық зауыт лабораторияларында), ғылыми-зерттеу институттардағы, санитарлық және экологиялық бақылауды ұйымдастырудағы жұмыстарда және білім беру орындарында жұмыс істей алады. Аса дарынды түлектер Қазақстанда, сонымен қатар шет елдерде де магистратура мен аспирантурада оқуларын жалғастыра алады.

- Университет және кафедраның беделі түлектердің өз мамандығы бойынша жақсы жұмысқа орналасуына ықпал етеді.

- Біздің университетіміздің сапа менеджмент жүйесі ICO 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкес, ол біздің аймақта 2006 жылдың 23 қаңтарында алғаш берілген IQNet №06, 022, 026 сертификатымен бекітілген.

- Құрметті талапкерлер, біздің мамандықта талапты студенттер де, білімді оқытушылар да бар!

 

МОП

 

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қаласы, Ломов к-сі, 64, С. Торайғыров атындағы ПМУ.

 

“Физика және аспап жасау ” кафедрасы тел.: (8-7182) 673626

 

Қабылдау комиссиясы: 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 каб. 132а тел: (8-7182) 673773

 

Дайындық курсы (8-7182) 673650