Қазақстандағы Эразмус+ жобалары нәтижелерінің көрмесі

2018 жылының 25 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстандағы Эразмус+ "Жоғары білім берудің әлеуетін арттыру" жобалары нәтижелерінің көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты: мультипликативті әсерді күшейту үшін Эразмус + ЖББӘА жобаларының нәтижелерімен кең қауымды таныстыру, қатысушыларды Erasmus+ бағдарламасының бесінші конкурсының талаптары мен жаңалықтарымен, сондай-ақ ұлттық және аймақтық басымдықтармен таныстыру; жобалық өтінімдерді әзірлеуге және жобаларды іске асыруға тәжірибелік ұсыныстар беру.

Іс-шараны Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық офисі Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігімен, Білім және ғылым министрлігімен және ҚР ЖОО ректорлар Кеңесімен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбек Мадсен мырза, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, ректорлар Кеңесінің төрағасы Ерлан Сыдықов, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасбулатова, профессорлық-оқытушылық ұжымдар, студенттер қатысты.

Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің жетекшісі Шайзада Тасболатова баға жетпес үлесі үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Күлтегін" медалімен марапатталды.

Қазақстанда Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күніне қатысушылар Erasmus+ ЖББӘА жобалары нәтижелерінің көрмесімен танысып, сертификаттар алды.

Бұл іс-шарада Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындарынан Эразмус+ жобаларының нәтижелері мен материалдары көрсетілді.

Жобаны іске асыру туралы толық ақпарат www.asiaxis.eu