Марке политехникалық университеті

2019 жылдың 10-12 қыркүйек айы аралығында металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқытушылары ASIAXIS атты Эразмус+ ЕО жобасы бойынша Марке политехникалық университетінде өткен екінші жұмыс кездесуіне қатысты. Бұл отырыста Ұлы Британия, Италия, Испания, Қытай, Ресей және Қазақстан оқытушылары қатысты.

Үш күн жұмысы «Іштен жану қозғалтқыштары аясында қолданбалы зерттеулер» атты семинармен аяқталды. Семинарға аталған салада жұмыс істейтін компаниялар мен зерттеу орталықтарының, атап айытқанда General Motors, General Electric, Renco және CNR Istituto Motori өкілдері қатысты.

Бұл жобадағы С.Торайғыров атындағы ПМУ рөлі – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура модульдерін жетілдіру, сонымен қатар, нәтижелерді білім беру үрдісіне еңгізу және білім алушыларының (бакалаврлар, магистранттар, PhD докторлар) компетенцияларын дамытуға көмектесу. Аталған кездесуде әр ЖОО-серіктестің жоспарланған мақсаттары мен міндеттеріне жету жолдары белгіленді.

Жобаны іске асыру туралы толық ақпарат www.asiaxis.eu