Үздік түлектер

Жабагина Галия Мырзабековна
13.02.1989 жылы дүниеге келген. 2006-2010 ж.ж. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім алды. 2012 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 6М090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
VII – VIII «Сатпаев оқуларына», «ІХ Сатпаев оқуларына» қатысқан, студенттер арасындағы «Прометей» ғылыми-зерттеушілік бағдарламаның жүлдегері, «Әлеуметтік педагогика және психология бойынша жазғы мектепке», «Методологии и методике сравнительной педагогики» курстарына, «ІІ Педагогикалық оқуларға» қатысқан.
Дипломдық жобасының тақырыбы: «Технологии социальной работы с женщинами испытавщие домашнее насилие», Үздік жұмысы үшін, университет өміріне белсенді қатысқаны үшін 2009 жылы ҚР Президентімен белгіленген шәкірақымен марапатталды.
Қазіргі уақытта «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ әлеуметтік жұмыс бойынша директор орынбасары қызметін атқарады.
   
Антикеева Самал Канатовна
14 тамызда 1990 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 2007 жылы мектепті үздік бітірген. Осы жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша мемлекеттік грантпен оқуға түсті. 2009 жылы «Work and Travel USA» бағдарламасына қатысты. 2010-2011 жж. «ПГУ.kz» командасының құрамында Республикалық студенттер олимпиадасына қатысты 2010 жылы Самал Қазақстан Республикасының атақты қайраткері, ғалым, академигі Токмухамед Садықов атындағы шәкіртақыға ие болды. 4 курста Аль-Фараби атындағы мемлекеттік шәкіртақыға ие болды. Калиева Самал «Ақ жүрек» студенттік волонтерлер клубында белсенді жұмыс атқарған. Университетті қызыл дипломмен бітіріп, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша магистратурада білімін жалғастырды. Магистрлік диссертациясының тақырыбы «Проблемы и пути решения подготовки и повышения квалификации социальных работников в современных условиях».
   
Тулепбергенова Жадыра Рымтаевна
18.03.1988 жылы Павлодар облысы, Баянаул ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.
2006-2010 ж.ж. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім алды. Дипломдық жобасының тақырыбы: «Содержание социально-психологической проблемы среди молодежи» «Методологии и методике сравнительной педагогики» бойынша курстарға қатысқан. Үздік жұмысы үшін, университет өміріне белсенді қатысқаны үшін 2009 жылы ҚР Президентімен белгіленген шәкірақымен марапатталды.
Қазіргі уақытта «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ әлеуметтік қызметкер болып жұмыс атқарады.
   
Жумадилов Нурмагамбет
01 қазанда 1993 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 2011 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Психология» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2015 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасының құрамында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Психология» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, 3 орын алды. Жумадилов Нурмагамбет «Жас Отан» жастар қанаты мен Жастар еріктілер орталығының жұмысында белсенді жұмыс атқарған. Университетті бітіріп, «Психология» мамандығы бойынша магистратурада білімін жалғастырды. Магистрлік диссертациясының тақырыбы «Бастауыш сынып жасындағы балалардың агрессивті мінез-құлығын арт-терапия арқылы түзету».