Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның сапа саласындағы мақсаттарына сәйкес әдістемелік жұмыс бөлімінде оқу процесінде әдістемелік қамсыздандыру айтарлықтай жоғары деңгейге жетті.  

«Кереку» оқу-әдістемелік әдебиеттер басылымы арқылы басылымдық жоспар әр оқу жылында орындалуда.

Барлық мамандықтар бойынша қазақ және орыс тілінде толық көлемде ОӘПК құрастырылған, барлық мамандықтар бойынша ЭПК бар. ЭПК мазмұны түлектерге қойылатын жаңа талаптарға, ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне сәйкес жылда қарастырылады. Мамандықтың элективті пәндердің тізімі мен мазмұнына өзгертулерді енгізуге білім беру қызметтерінің тұтынушыларының ұсыныстары негіз болады.  

Кафедраның оқу-әдістемелік жоспарын орындау мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс оқу бағдарламасын, силлабустарды, курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар, қорытынды бақылау мен ағымды бақылау материалдарын құрастыру мен қайта бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Кредиттік технология бойынша оқу жүйесі басқа жоғарғы оқу орындарында игерілген пәндерді қайта есепке алу шартында академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етеді. Кез келген жүктемені игеруден кейін жұмыс жоспарында кредиттердің жинақ функциясын іске асыруға мүмкіндік беретін, студенттің оқуды жалғастыру және келесі білім деңгейіне өтуде білім траекториясының позициясын анықтауға мүмкіндік беретін бақылау формасы қарастырылған.

Біліктілікті арттыру мультипликативті бағыттар бойынша іске асырылады:

- инициативті-іздеу ғылыми зерттеулерін іске асыру;

- әр түрлі тақырыптық бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер әдістемесін оқып үйрену;

- ұйымдар мен кәсіпорындармен іскерлік аясында шаруашылық-келісімдік ғылыми жұмыстарды іске асыру;

- республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;

- ғылыми конкурстарға қатысу;

- шет тілдерін игеру бойынша маманданған курстарға бару;

- дәріс материалдарын жаңарту;

- әдістемелік материалдарды құрастыру;

- 5В050300 Психология, 5В010300 Педагогика және психология, 5В090500 Әлеуметтік жұмыс мамандықтарына case-study құрастыру («Психология бойынша практикум» Самекин А.С.);

– барлық мамандықтардағы бакалаврларға «Көшбасшылық психологиясы және қызметкерлерді басқару» пәні бойынша жұмыс бағдарламаларын, силлабустарды, студенттердің ағымды және қорытынды білімдерін бағалау материалдарын орыс және қазақ тілдерінде құрастыру (Кударова Н.А., Кодекова Г.Б.);

– Үштілдік бағдарлама аясында білім беруді жүзеге асыру (Пс-101 және Пс-401 топтары, магистратура мен докторантура деңгейлердің барлық мамандықтары).

Оқу бағдарламасын іске асыру аясында студенттер академиялық ұтқырлыққа, ғылыми тағылымнан өтуге қатысты:

- Студенттер Санкт-Петербург, Новосибирск, Омбы (Ресей), Рига (Латвия), Минск (Беларусь), Прага (Чехия) университеттерінде тағылымдамадан өтіп, бағдарламаға сәйкес сертификаттарға ие болды.