Үздік түлектер

Кафедра жұмысы сапасының негізгі көрсеткішінің бірі түлектер жетістігі болып табылады. Орындаушылық өнер кафедрасының түлектері облыстық, республикалық шығармашылық конкурстары, фестивальдарының жеңімпаздары болып табылады, қала және облыстың қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысады.

Кафедраның түлектері қала және облыстың оқу орындары мен мекемелерінде жұмыс істейді: И.Байзақов ат. облыстық филармониясында қазақ ұлттық аспаптары оркестрінің артистерімен, симфониялық оркестр артистерімен, бейне хорының солистерімен және т.б. шығармашылық ұжыммен.

Хасенов Арман Ертісбайұлы – 1996 – 2000 С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Орындаушылық өнер кафедрасының «Саз және ән» мамандығы бойынша түлегі. Педагогика мамандығының магистрі. Бүгінгі таңда облысқа, республикамызға танымал әнші, әртіс. Павлодар қаласының мәдени өмірінде белсінділік танытады. Жастардан құралған «Ойна» әзіл – ысқақ театрының директоры.
Төлебаев Дәуіржан Жұмажанұлы
• С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 1999-2003 жылдары «Саз және ән мұғалімі» мамандығы бойынша үздік бітірген.
• 2003-2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Педагогика» мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен тәмамдаған.
• 2006-2008 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Аспирантурасын тәмамдаған.
• Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында, Қазақстан Педагогика Ғылымдар академиясында еңбек еткен.
• Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты.
• «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жүлдегері.
• Қазіргі қызмет орны – Республикалық «Ана тілі» газетінің Тіл мәселелері бөлімінің редакторы, журналист. 100 ден астам публицистикалық мақалалардың авторы.
Шарманов Қуанышбек Қазыбекұлы – 2004-2008 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Орындаушылық өнер кафедрасын «Музыкалық білім» мамандығы бойынша түлегі. Айтыскер ақын. Бүгінгі күнгі жетістіктері:
• Республикалық радио мүшайрасынан ІІ-орын 2008 ж.
• Қазақстан телеканалы ұйымдастырған «Аламан» айтыстан «Азулы ақын» номинациясын иеленді 2008 ж.
• Наурыз мейрамына арналған аймақтық ақындар айтысынан ІІ-орын 2009 ж.
• Үкілі Ыбырайдың 150 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысынан І-орын 2010 ж.
• Иса Байзақовтың 110 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысынан бас жүлде 2010 ж.
• Аралбай батырдың 325 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысынан Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлдені иеленді 2011 ж.
• 2011 жылы ақынның «Сиялы сыр» атты алғашқы жыр жинағы Аламаты қаласында жарық көріп, жинақтың тұсау кесеріне орай «Халқыма берер қазынам» атты шығармашылық кеші өтті.
• Шапық Шокиннің 100 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысынан I орын. 2012 ж
• Қ.Шармановтың жазған «Шарана» атты драмасы Ж. Аймауытов атындағы облыстық театрда сахналанды 2012 ж.