2017–2018 оқу жылында оқытушылар құрамы саны – 17 адам, оның ішінде 7 ғылымдар кандидаты, 4 профессор, 3 қауымдастырылған профессор (доцент), 11 аға оқытушы. 2 оқытушы. 

Кафедрада «Журналистика», «Кітапхана ісі» мамандықтары білім алушыларына арналған фундаменталдық және арнайы пәндер циклі бойынша оқу-әдістемелік кешендер даярланды. 2016-2017 оқу жылында  кафедра «Журналистика» мамандығы бойынша оқытудың күндізгі түрінде 35 адам, магистратурада 8 магистр шығарды. Оқытушылар мен білім алушылар әртүрлі деңгейдегі конференцияларға қатысты. 2017 жылғы «Сатпаев оқулары» конференциясына қатысқаны үшін  Жур-401 тобы студенттері Д. Жумабекова мен А. Самсенге грамоталар табысталды.  

5В050400 «Журналистика» мамандығы студенттері Амантай М., Ерманат А., Докторханкызы Н., 2017 ж. наурыздың 25-29 аралығында Қорқыт ата ат. Қызылорда мемлекеттік университеті базасында өткен Республикалық журналистік шеберлік бойынша олимпиадаға қатысып, 2 орынға иеленді. Жетекші – ф.ғ.к, профессор Еликпаев С.Т.