Оқу-әдістемелік жұмыс

Қайта құру кезеңіндегі үрдісті еске ала отырып, факультет білім берудің жолын өзгертті. Оқу үрдісіне мамандықтардың жаңа стандарты енгізілді және оның негізінде мамандардың жаңа моделі қайта өңделді.

Оқу-әдістемелік жұмыс мынаған бағытталған:

– мамандықтардың жаңа стандартын құру;

– оқу-әдістемелік кешенін жетілдіру, жаңадан жасау;

– технологиялық сөздіктерді жасау, жетілдіру;

– СҒЗЖ әдістемесін жасау және пайдалану.

Мамандардың моделі екі негізгі обективті факторға негізделген:

– ғылыми-техникалық үрдіске;

– еңбек нарығының талабына.

Факультетте қозғалтқыштардың оқу-өндірістік орталығы және студенттік құрастыру бюросы бар, олар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының дамуына жақсы серпін береді.

Факультет қызметкерлері 100-ден артық патент алуға ұсыныс жасады, 1500-ден астам ғылыми мақала, тезис жарияланып, басып шығарылды.

Факультет кафедралары келесі өнеркәсіптерде филиалдарды ашып, бүгінгі күні олармен жұмыс атқаруда:

- «Компания Нефтехим LTD» ЖШС;

- «Полимер» ЖШС;

- «КазИнСт» ПФ РГП;

- «KSP Steel» ПФ ЖШС;

- «№1 автобус паркі» ГКП;

- «ҰК ҚТЖ» ФАҚ Павлодарлық теміржол көлік жұмысшыларын оқыту орталығы;

- «Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ - «Павлодар жол бөлімі».

Қазіргі таңда 5В070900 – Металлургия, 5В071200 – Машина жасау, 5В073200 – Стандартизация, сертификация және метрология, 5В072400 –Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандықтарының студенттері үшін «KSP Steel» ЖШС ПФ-ы базасында қоса атқарушылық оқыту жүйесі бойынша зертханалық және тәжірибелік сабақтар жүргізіледі.

Шетел ғалымдарын жұмылдыру бағытындағы университет бағдарламасы бойынша мынадай лекторлар шақырылды: Мирослав Свитек, доктор PhD, Чехия техникалық университетінің профессоры, Чехия, «Интеллектуальные транспортные системы» пәні бойынша;

- Марек Мезитес, доктор PhD, Рижик техникалық университетінің профессоры, Латвия, «Создание автоматизированных систем на базе программируемых логических контролеров» пәні бойынша;

- Шалдыбин М.В, техника ғылымдарының докторы, Томск политехникалық университетінің докторы, таңдаулы курстар бойынша.

1 және 2 курс магистранттары Санк-Петербург информациялық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінде ғылыми іс тәжірибеден өтті (Ресей, Санкт-Петербург қ.).

Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша МКт-201н тобының магистранты Сулейменов А. оқуға барды (Латвия, Рига қ.).

2015-16 оқу жылының бірінші семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Рижск техникалық университетіне (Riga technical University, Рига қ., Латвия) СМС-301тобының студенті Касаинова И. С., Вроцлав техникалық университетіне (Wroclaw University of Technology, Вроцлав қ., Польша) Мс-202 – тобының екі студенті – Айдарханов Д.А., Жанбулатову Л.Д. және ішкі академиялық ұтқырлық бойыншаСемей қаласының мемлекеттік университетіне Мж-301 тобының студенті Бекенов К.Ш, Қарағанды қаласының Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне Мт-301 тобының студенті Серікбай А.Т.оқуға барды.