Кафедраның құрылу тарихы

«Механика және мұнай-газ ісі» кафедрасы «Сызба геометриясы және инженерлік графика», «Материалдар кедергісі», «Теориялық механика», «Машина бөлшектері және құрастыру негіздері», «Машиналар мен механизмдердің теориясы» және т.б. пәндерінің негізінде 2009 жылдың шілде айында құрылған. 2009 жылы кафедра «5В070800 – Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауға лицензия алды.

 

Кафедра басшылығы

Қазіргі уақытта «Механика және мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., доцент Сейтенова Ғайни Жұмағалиқызы.

Сейтенова Ғ.Ж. 2001 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-ды «Химия» мамандығы бойынша бітірді.

2003 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-ды «Химия» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

2005 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және катализ кафедрасының аспирантурасына түсіп, онда 2010 жылы кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады.

2005-2011 жылдары химия және химиялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарды.

2011 жылынан бастап «Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасының аға оқытушысы, доценті болып қызмет атқарды.

Пәндерді мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізеді.

Біліктілікті арттыру сертификаттары бар, оның ішінде Алманияда «Бонн қаласы».

Мамандық бойынша екі білім бағдарламасының құрастырушы болып табылады.

Сейтенова Ғ.Ж. жетекшілігімен мұнайгаз ісі мамандығының студенттері бірнеше рет республикалық және халықаралық олимпиадалар мен форумдардың жүлдегерлері болып атанды. «Жеңімпаз-команда дайындағаны үшін» алғыс хат иегері.

Сейтенова Ғ.Ж. «Ертіс дарыны» ғылыми-практикалық орталығы өткізетін облыстық, республикалық және халықаралық химия пәні бойынша оқушылар арасындағы олимпиадалардың әділ-қазы мүшесі және есеп құрастырушы болып табылады.

2014-2015 жылдары «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС тапсырысы бойынша «ПТ, БТ, СПБТ нарығын талдау, ПТ, БТ, СПБТ өндеу технологияларын талдау және өнімдерін қайта өндеу» ғылыми-зерттеу шаруашылық келісім шарт жұмыстарының жетекшісі болды.

40 аса жариялар мен «Основы нефтепереработки» оқу құралының авторы.

 

Оқу-әдістемелік жұмысы

Мамандық бойынша барлық пәндер оқытушылармен оқу-әдістемелік кешендер жасалады, өзіне бағдарламалар кіреді, практикалық сабақтар, лабараториялық жұмыс өңдеулері, курстық жұмыс, диплом жобасы орыс және мемлекеттік тілде өңделген. Кейбір пәндер бойынша кафедра оқытушылары оқу құралын жасап шығарды.

Кафедра облыстың барлық индустриялық кәсіпорындарымен және Қазақстан Республикасының басты ЖОО-мен тығыз байланыстарды қолдайды.

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС кәсіпорынында «Механика және мұнай-газ ісі» кафедрасының филиалы жұмыс істейді.

 

Оқу-тәрбие жұмысы

Кафедрада тәрбие жұмысы 9 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: жалпы университеттік шаралар, мемлекеттік мерекелер; ұйымдастырушылық шаралар; саналық тәрбие; еңбек тәрбиесі мен кәсіби ориентациялық жұмыс; патриоттық, интернационалды тәрбие; құқықтық тәрбие; денсаулықты өмір түрі, туристтік-спорттық жұмыс; экологиялық тәрбие; жатақханадағы жұмыс.

Әрбір студенттік топқа эдвайзер бекітілген, жүйелі түрде топппен кездеседі, топтағы жағдайды жақсы білуі тиіс, әрбір студенттің мәселесін білуі тиіс. Дәстүрлі түрде кафедрада «Студентке арнау» іс шаралары өткізіледі, театрға қатысады, музейге барады.

Кураторлық сағатта жүйелі түрде үлгерім мәселесі қаралады, сабаққа қатысуы, тәртіп мәдениеті, этикалық және еңбек тәрбиесі қаралады.

 

Ғылыми-зертханалық жұмысы

Біліктілікті жоғарлату мақсатында барлық оқытушылар әрдайым Қазақстан және жақын шетелдегі елдерде өткізілетін курстар, семинарларға қатысады.

«FORWARD-ПВ» ЖШС-ды газбен жабдықтау бойынша жобаның әзірлеуі» шаруашылық келісімдік ғылыми-зерттеу жұмысы келісілді және орындалып жатыр (жоба жетекшісі доцент, х.ғ.к. Сейтенова Г.Ж.).

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ак. Шөкин көш. 139, Б корпус, 209 каб., тел. 67-36-33 (1203).

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедрасының жетістіктері

Материалды-техникалық база

Үздік түлектері

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Сертификаттар